Спорт

Азия чемпионатында ерлерге әйелдер сайысын көруге тыйым салынды

© REUTERS / Dylan MartinezЖеңіл атлетика сайыстары, архивтегі сурет
Жеңіл атлетика сайыстары, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдер орамал тағып, бүкіл денені жабатын киім киiп, ерлердiң бәсекелерiн тамашалай алады

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Иранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегi Азия бiрiншiлiгi басталды, деп хабарлады Prosports.kz.  

Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина (оң жағында) - Sputnik Қазақстан
Спорт
Еліміз 15 жылда алғаш рет жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының үздік үштігіне кірді
Жарыстың өзіндік ерекшелігі бар. Бiр қызығы ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекелер жеке-жеке өтеді. 

Иранның заңдарына сәйкес әйелдер арасындағы жарыстарға бапкерлiк, төрешiлiк, дәрiгерлiк т.б қызмет атқаруға, жарысты тамашалауға-көруге бiрде-бiр еркек жiберiлмейдi. Әйелдерге ерлердiң бәсекелерiн тамашалауға рұқсат берiлген, бірақ ол үшiн олар бастарына орамал тағып, бүкіл денені жабатын киім киiп жүрулерi керек.


Жаңалықтар
0