Спорт

Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды

Жазылу
Олимпиада чемпионы "Astana Arlans" клубын басқарады

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Бақтияр Артаев "Astana Arlans" бокс клубының бас менеджері болып тағайындалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.   

Бақтияр Артаев  1983 жылдың 14 наурызында Жамбыл қаласында туған. 

2004 жылы бокстан Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогінің иегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2005, 2007). Азия Ойындарының күміс жүлдегері, 7 дүркін Қазақстан чемпионы, Халықаралық дәрежедегі еңбек сіңірген спорт шебері.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев  М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде және Қазақ спорт және туризм академиясында білім алды. 2014 — 2016 жылдары Ұлыбританияда бизнес менеджмент курстарын тәмамдаған. Қазіргі таңда Қарағанды Экономикалық университетінде, экономика саласы бойынша жергілікті басқару мамандығының магистратурасын оқып жатыр.

2008 жылы Б.Артаев атындағы бокс сарайының директоры болып тағайындалды. 2008-2009 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің әкімі болды. 2009-2010 жылдары Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. 

2011 жылы Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.  2012 жылы 24 желтоқсанда "Астана" президенттік кәсіби спорт клубының президенті болып тағайындалды. 2013 жылдың қараша айынан Дүниежүзілік бокс сериясы комиссиясының мүшесі қызметін атқарды.

2016 жылы желтоқсан айында "ТАРЛАН БАТЫРЛАРЫ" ЖШС  директоры болып тағайындалды.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1-ші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған, "Дарын" сыйлығының иегері, Грекия республикасының құрметті азаматы, Тараз қаласының құрметті азаматы.

Айта кетейік, 2010 жылы "Astana Arlans" клубының бірінші бас директоры Болат Манкенов болған, одан кейін ол орынға Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев тағайындалды.


Жаңалықтар
0