Спорт

FIFA 18 видео ойынында қазақстандық футболшы пайда болды

© Photo : kazfootball.kzЕркебұлан Сейдахмет (оң жақта)
Еркебұлан Сейдахмет  (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық спортшының ең үздік қыры – жылдамдық пен тепе-теңдік

АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. "Уфа" футбол командасының шабуылшысы, қазақстандық Еркебұлан Сейдахмет FIFA 18 видео ойынында пайда болды, деп хабарлады спорттық комментатор Петр Воликов.

Әділбек Жақсыбеков - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды

Сейдахметті өз командасына қосу үшін, видео ойыншылар FIFA 18 нұсқасын жаңартуы тиіс. Футболшының ең үздік жақтары – жылдамдық алуы, тепе-теңдік және алға жылжу қарқыны.

Ақпан айында "Уфа" клубының Сейдахметпен келісім жасасқаны белгілі болды. Ол бұрын Тараздың "Монтажник" командасы құрамында жаттықан еді.

Жас спортшы қазір "Қазақ Мессиі" деген атпен спорт сүйер қауым арасында танымал.


Жаңалықтар
0