Спорт

Қазақстан хоккей құрамасы матчтың соңғы минутында Еврочеллендж жеңімпазы атанды

© Photo : Сайт Польского союза хоккея на льдуҚазақстан хоккей құрамасы Еврочеллендж жеңімпазы атанды
Қазақстан хоккей құрамасы Еврочеллендж жеңімпазы атанды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Венгрия мен Польша құрамаларын ойсырата ұтып, ең соңында Италия командасынан да басым түсті

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Польшаның Катовице қаласында өткен Еврочеллендж соңғы матчында Қазақстан хоккей құрамасы Италияны ұтып, жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қос команда да бар күшін салып шабуыл жасағандықтан, кездесу өте тартысты өтіп, жеңімпаз соңғы минутта ғана анықталды. Итальяндықтар қақпасын ашық тастап кеткенін пайдаланған Никита Михайлис шайбаны дөп түсіріп, есепті 1:0 қылды.

Осылайша, алдында Венгрия (5:2) мен Польшаны (4:1) жеңген Қазақстан бірінші орынға ие болды.


Жаңалықтар
0