Спорт

Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден Олимпиада чемпионы болды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуРесей - Германия матчы
Ресей - Германия матчы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шешуші шайбаны қосымша уақытта Кирилл Капризов соқты

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында хоккейден финалда Ресей және Германия құрамалары кездесті, деп хабарлады 24.kz.

Динара Әлімбекова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақ қызы Беларусь құрамасына Олимпиада алтынын сыйлады
Кездесу 4:3 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді. Ресей құрамасының ойыншысы Вячаслав Войнов бірінші кезең аяқталуына санаулы секундтар қалғанда шайба салды. 

30-минутта Феликс Шутц есепті теңестірді. 54-минутта Никита Крюков ресейліктерді алға шығарды. Алайда 10 секундтан соң немістер (Доминик Кагун) жауап қайтарды. 57-минутта Йонас Мюллер немістердің жеңіске деген сенімін нығайтты. 

Ойын аяқталуға 56 секунд қалғанда, Гусев қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Шешуші шайбаны қосымша уақытта Кирилл Капризов соқты.


Жаңалықтар
0