Сауль Канело Альварес

Белгілі бапкер допингпен ұсталған "Канело" туралы: оның айтқан сылтауына сенбеймін

107
(Жаңартылды 10:39 18.03.2018)
Сауль "Канело" Альварес допингпен ұсталған еді

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Белгілі британдық бапкер Дон Чарльз Геннадий Головкинмен өтетін жекпе-жектің алдында Сауль Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың табылуын ешқандай жолмен ақтап алуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Бапкердің айтуынша, бокстағы допингке қарсы ережелерді мейлінше қатаңдатып, ал тыйым салынған заттарды пайдаланған спортшыларды жекпе-жектерден шеттету керек. 

"Мен түңіліп кеттім, өйткені ол менің сүйікті боксшыларымның бірі. Оның допинг-сынамасынан кленбутеролдың табылуын кешіруге болмайды. Мен басқарушы ұйымдарды қомақты айыппұл салмайтыны үшін айыптаймын. Менің ойымша, дәл осы жағдайда айыппұл салу жеткілікті емес. Оған тыйым салу керек, өмір бойына бокстан шеттету қажет. Мұндай жағдайлар қазір жиі болып тұрады. Ай сайын дерлік біз тыйым салынған препараттарды пайдаланған спортшылар туралы естіп жүрміз. Бұл үшін өмір бойына спорттан аластатуды енгізу керек деп есептеймін", — Дон Чарльз IFL.tv басылымына берген сұхбатында. 

Айтуынша, сонда боксшы допинг қабылдамас бұрын он рет ойланып-толғанатын болады. 

"Олар Мексикада еттің таза емес екенін білуі керек еді ғой. Сақтық қажет емес пе. Өздері жейтін етті басқа жақтан әкелуге ақшасы бар ғой. Сондықтан мен олардың айтқан сылтауына сенбеймін. Мұндай жағдайда өмір бойына жұдырықтасуға тыйым салуды ұсынамын. Өйткені олар басқа адамдарға қауіп төндіреді", — дейді бапкер. 


107
Кілт сөздер:
Сауль Альварес, Геннадий Головкин, бокс, жекпе-жек, допинг-сынама, бапкер
Елена Рыбакина

Токио Олимпиадасы: қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жүлдесіз қалды

58
Елена Рыбакина бүгін қола медаль үшін таласты, ол украиналық Элина Светолинамен ойнады

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иелене алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жартылай финалда швециялық Белинда Бенчичке (7:6, 4:6, 6:3) жол беріп қойған Елена Рыбакина бүгін қола медаль үшін таласты. Ал оған қарсы украиналық Элина Светолина шықты. Бірінші сетте қазақстандық теннисші айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп – 6:1. Ал екінші сетте екеуі тең түсті. Содан ойын тай-брейкке ауысты. Ол да өте тартысты өтті. Бірақ осы жолы украиналық теннисшінің жолы болды. Есеп - 7:6. Үшінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен бірден алға шықты. Алайда Светолина есепті теңестіріп қана қоймай, соңғы сетті өз пайдасына шешіп кетті. Қорытынды есеп - 1:2

Бұған дейін Елена Рыбакина австралиялық Саманта Стосур, швециялық Ребекка Петерсон, хорватиялық Донна Векичті жеңген болатын. Ал ширек финалда испаниялық теннисші Гарбинье Мугурустан басым түсті.

Айта кетейік, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілер жекелеген сындардан шығып қалды. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин беларус Илья Ивашкодан ұтылды.

Жұптық жарыстарда Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жапониялық жұп – Ена Шибахара мен Бен Маклахланған жол беріп қойды.Осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанған болатын.

58
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Закир Сафиуллин

Сафиуллин жекпе-жексіз Олимпиаданың ширек финалына шықты 

1621
(Жаңартылды 16:33 31.07.2021)
Дүбірлі додада 63 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Закир Сафиуллин жапониялық боксшымен жұдырықтасуға тиіс еді

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин Токио Олимпиадасының ширек финалына жекпе-жексіз өтті. Оның қарсыласы рингке шығудан бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

63 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп жүрген Закир Сафиуллин бүгін жапониялық Дайсукэ Наримацумен кездесуге тиіс еді. Алайда Наримацу жарақат алып қалуына байланысты рингке шыққан жоқ. Осылайша қазақстандық боксшы автоматты түрде ширек финалға шығып отыр.

Ширек финалда Сафиуллин аустралиялық Гари Гарсайдпен кездеседі. Жекпе-жек 3 тамызда өтеді.

Бірінші жекпе-жекте Сафиуллин Перу боксшысы Леодан Пезо Сабойяны айқын басымдықпен жеңген еді. 

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасы: Ольга Рыпакова финалға шыға алмады

Айта кетейік, Олимпиадада төрт боксшымыз қалды. Олар - Закир Сафиуллин (63 келі), Сәкен Бибосынов (52 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) мен  Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары). Бүгін Сәкен Бибосынов екінші айналымда тағы жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

Қалған төрт боксшы жарыс жолын аяқтаған болатын. Атап айтқанда, Серік Теміржанов (57 келі) екінші айналымнан аса алмаса, 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берді. Ал Василий Левит (91 келі) нокаутпен ұтылды. Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов те бірінші жекпе-жекте ресейлік боксшыдан жеңіліп қалды. Қазақстанның әйелдер командасы атынан Токио Олимпиадасына барған жалғыз боксшы Надежда Рябец (75 келі) бірінші жекпе-жекте ұтылып қалды.

1621
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0