Спорт

"Канело, кетші әрі!" Головкин кешірім сұраған Альвареске қатысты пікір білдірді

© Photo : Официальный сайт WBAГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин жанкүйерлері қалап жатса, Альвареспен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин допинг-сынақтан өте алмай, реванш жекпе-жектен бас тартқан соң кешірім сұраған Сауль "Канело" Альварестің сөзіне қатысты пікір білдірді. 

"Канело" деген кім? Бәрі "Канело" Мексиканың жарық жұлдызы деп жатады. Соңғы баспасөз мәслихатында ол кешірім сұрап, қателескенін айтты. Бұл сорақылық. Ол жұлдыз емес және бокс үшін маңызды амбассадор болып табылмайды. Ол нашар адам. Бірақ егер жұрт біздің жекпе-жегімізді қалап жатса, әрине, мен келісемін. Өзімді өте жақсы сезінемін. Жай ғана күтіп отырмын. Ал "Канело" ше? Оның "кешіріңіздер" деп мүәйімсіп отырғаны есімде. Кетші әрмен!", — деді Головкин баспасөз-мәслихатында. 

Жаңалықтар
0