Спорт

"Барыстың" швед қақпашысы Қазақстан азаматтығын алды

© Официальный сайт ХК "Барыс"Хенрик Карлссон
Хенрик Карлссон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
IIHF хабарлағандай, тағы үш ресейлік хоккейші Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайтын болды

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. "Барыс" хоккей клубының швед қақпашысы  Хенрик Карлссон Қазақстан азаматтығын алып, енді ұлттық құрама құрамында жарыстарға қатыса алады, деп хабарлады Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты (IIHF).

ХК Барыс - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Барыс" ҚХЛ-ның Шығысында үшінші орынды сақтап қалды

2010–2012  жылдары ҰХЛ-ның "Калгари" клубында ойнап жүріп, Швеция құрамасына шақырылған еді, бірақ IIHF басшылығымен өтетін бірде-бір жарысқа қатысқан емес.

IIHF мәлімдегендей, ресейлік хоккейшілер Роман Рачинский, Егор Шалапов, Дмитрий Гурков пен Егор Петухов спорттық азаматтықтарын Қазақстан азаматтығына айырбастады.


Жаңалықтар
0