Спорт

Сағадиев қандай оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылатынын айтты

© Sputnik / Дмитрий Дмитриев / Медиабанкке өтуМектеп спорт залының архивтегі фотосы
Мектеп спорт залының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім министрінің айтуынша, спортпен үнемі шұғылданатын, жарыстарға қатысатын оқушылар ғана сабақтан босатылады

АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев дене шынықтыру сабағының үшінші сағаты қысқармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жалақыны өсіру үшін тестен өтпей қалған мұғалімдерге қандай шара қолданылады?

"Қазір әлеуметтік желілерде дене шынықтырудың үшінші сағаты қысқаратыны туралы жиі жазылып жүр. Дене шынықтырудың үшінші сағатынан бас тарту жоспарымызда жоқ және болған емес. Бұл заңнамада жазылған", — деді білім министрі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Сағадиев аптасына үш сағаттан аса уақытын секцияларда өткізетін кәсіби спортшыларды дене шынықтыру сабағынан босату туралы әңгіме болғанын атап өтті. 

"Біз ата-аналардың өтінішін ескеріп, осындай шешім қабылдадық. Енді мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен, кәсіби спортпен шұғылданатын оқушылар, ең алдымен, ата-аналардың өтінішімен және барлық тиісті құжатқа сәйкес, дене шынықтыру сабағынан босатылуы мүмкін", — деді ведомство басшысы. 

"Осы орайда балалар не істейді деген сауал жиі қойылады. Қазір академиялық еркіндікті пайдаланып, мектептер босатылған мұғалімдермен арнайы сабақ ұйымдастыруда. Яғни балалар өздігінен оқып, оқу бағдарламасын қуып жете алады. Спортшылар жарыстарға жиі шығады, соның салдарынан мектеп бағдарламасынан қалып қойып жататынын білесіздер. Сондықтан біз оқушыларды дене шынықтыру сабағынан босатып, олардың мұғаліммен жеке дайындалуына, сол арқылы бағдарламадан қалып қоймауына мүмкіндік жасап жатырмыз", — деді Сағадиев.

Жаңалықтар
0