Спорт

ӘЧ-2018: Англия құрамасы Тунис командасынан басым түсті

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуТунис - Англия
Тунис - Англия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағылшындардың екі голын да тунистіктер қақпасына Харри Кейн салған

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде ағылшындар Тунис құрамасын 2:1 есебімен ұтты, деп жазады Р-Спорт.

G тобының матчы Волгоградтағы "Волгоград Арена" стадионында өткен.

Ағылшындардан екі голды Харри Кейн салды (11-ші минут және 90+1), ал Тунис командасынан — Фертани Сасси (35, пенальти).

Топтық кезеңнің келесі турында тунистіктер Бельгия құрамасына қарсы ойнайды, матч 23 маусымда Мәскеудің "Спартак" стадионында өтпек.

Ал Англия құрамасы Панама командасымен 24 маусымда Нижний Новгород қаласында кезігеді.

Жаңалықтар
0