Аида Сатыбалдинова

"Әйелдер арасындағы GGG" маңызды жекпе-жекте жеңіліп қалды

272
(Жаңартылды 18:15 10.07.2018)
Жұрт "Әйелдер арасындағы GGG" деп атап кеткен Аида Сатыбалдинова кәсіби мансабында алғаш рет және маңызды жекпе-жекте жеңіліп қалды

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова америкалық Селена Барриостан жеңіліп қалды. Ол қазақстандық боксшыны төртінші раундта нокаутқа жіберді. 

Америкалық Корпус-Кристи қаласында өткен жекпе-жек екі минуттық сегіз раундқа есептелді. Қазақстандық боксшының қоржынында үш жеңіс және тең түскен бір жекпе-жек. Ал қарсыласы кәсіпқой рингте үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Біреуін нокаутқа жіберген. 

Головкин "Канелоны" неге нокаутқа түсіргісі келмейтінін айтты

Алғашқы үш раунда боксшылар шабуылдап жүрді, ал төртінші рануд жоғарғы қарқында басталып, алма-кезек соққылармен өрбіді. Бірақ Сатыбалдинова қарсыласына қарағанда көбірек соққы жіберіп алды. Барриостың бір соққысы қазақстандық қыздың иегіне тиіп, нокаутқа түсті. 

Жекпе-жекке дейін Сатыбалдинова оны спорттық мансабындағы ең маңызды кездесу деп атаған еді. 

272
Кілт сөздер:
Аида Сатыбалдинова, бокс, жекпе-жек, нокаут
Серік Сәпиев

Жуырда қызметінен кеткен Серік Сәпиев жаңа жұмысы туралы айтты видео

1539
(Жаңартылды 14:02 21.10.2021)
Танымал боксшы Серік Сәпиев Қазақстанның спорт саласында еңбек етеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Жақында мәдениет және спорт министрлігінен кеткен спортшы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің жаңа жұмыс орны туралы айтты.

"Енді Ұлттық олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын", - деді Сәпиев белгілі журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Бірақ ол комитеттегі лауазымы қандай болатынын нақтылаған жоқ.

Сұхбат барысында Сәтжан Сәпиевтен Халықаралық олимпиада комитетінде жұмыс істегісі келе ме деп сұрады.

"Мен бұл жайлы ойланып көрмеппін. Бірақ жалпы халықаралық ұйымдағы жұмыс елдің, онда істейтін адамның абырой-беделін көтереді. Ойланып көру керек, неге болмасын?", - деп жауап берді экс-шенеунік.

Сондай-ақ ол 2022 жылы Қазақстанда Серік Сәпиев атындағы бокс мектебін ашуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

19 қазанда Сәпиев өз еркімен мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті басшысы қызметінен кеткені белгілі болды. Алайда Сәпиев министрліктен кетсе де, спортта қалатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 

1539
Кілт сөздер:
Серік Сәпиев, олимпиада чемпионы, бокс, жаңа жұмыс, видео
Серік Сәпиев

Серік Сәпиев қызметінен неге кеткенін айтты

5193
(Жаңартылды 10:11 20.10.2021)
Бүгін оның қызметінен босатылғанын мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді.

"Достар! Мен спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Мен осы қызметті атқарған жылдары жанымда көмек еткен барша басшыларға және әріптестеріме алғысымды білдіремін! Алайда еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бүгін оның қызметінен босатылғанын мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растаған болатын.

Серік Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығына 2019 жылдың қаңтарында келді.

Серік Сәпиев – бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы (69 келіге дейін), Вэл Баркер кубогының иегері, екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007).

Қазақстандық танымал боксшы 2012 жылы спорттағы жолын аяқтады.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Брунель университетінде білімін шыңдады. 2014-2017 жылдары "Astana Arlans" кәсіби бокс клубының бас директоры болды.

2017 жылдың 28 ақпанынан 2019 жылдың 30 қаңтарына дейін – парламент мәжілісінің депутаты.

2019 жылдың қаңтарынан МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз: 

5193
Кілт сөздер:
Серік Сәпиев, спорт
Тақырып бойынша
Сәпиев бокстан әлем чемпионатында кімнен медаль күтетінін айтты
Қазақ боксшылары Олимпиадада қанша медаль алуы мүмкін – Сәпиев жауап берді
Серік Сәпиев неліктен Головкиннің көмегінен бас тартқанын айтты   
Серік Сәпиев демалысы туралы: мен жан-жақты ойландым
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан