Спорт

Денис Теннің америкалық бапкері мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФрэнк Кэрролл
Фрэнк Кэрролл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кэрролл жаттықтырған үш спортшы - Линда Фратианн, Мишель Кван мен Эван Лайсачек – әлем чемпионадары атанған

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондарын жаттықтырған әйгілі америкалық бапкер Фрэнк Кэрролл зейнетке шығады.

International Figure Skating Magazine сайтының мәліметіне сүйенсек, Кэрролл мәнерлеп сырғанаушыларды 60 жыл бойы жаттықтырған екен. 3 тамыз бапкердің соңғы ресми жұмыс күні болмақ.

"Мені қаншалықты бағалайтынын айтып әрқайсы жылады",  — дейді Кэрролл.

АҚШ азаматы бапкерлік мансабын 20 жасында колледжің соңғы курсында оқып жүргенде бастаған. Кэрролл жаттықтырған үш спортшы — Линда Фратианн, Мишель Кван мен Эван Лайсачек – әлем чемпионадары атанды.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бапкер Денис Теннің өмірінің соңғы күнінде немен айналысқанын айтты

Бапкердің әзірге жоспары жоқ, бірақ АҚШ жастары арасында мәнерлеп сырғанау спортын дамыту бағдарламасы бойынша жұмысын жалғастырғысы келеді.

"Сонда белсенді өмір салтын жоғалтпаймын. Саяхаттағым да келер еді, бірақ онымен күнде айналыса алмайсың ғой. Қазір жасым 80-де, мәнерлеп сырғанаушылар үшін жауапты болғым келмейді. Қанша рет ұшақпен ұшқанымды білсеңіз ғой. Осы жылдар бойы бейнеттеніп жинаған ақшамның зейнетін көрсем деймін", — деп ойымен бөлісті Кэрролл.

Бапкердің шәкірттері арасында – танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы де болған. 25 жастағы спортшы шілде айының соңында автоұрылар қолынан қаза тапты. Спорт жұлдызының қазасын бүкіл Қазақстан жұртшылығы зор күйзеліспен қабылдады.

Тағы оқыңыз:

Олимпиада чемпионының Денис Тенді жерлеу күні жариялаған посты фанаттардың ызасын келтірді

Денис Теннің өліміне қатысы бар үшінші күдікті кім?

Жаңалықтар
0