Спорт

Месси "Барселонаның" 6000-шы голының авторы атанды

© REUTERS / Henry RomeroЛионель Месси
Лионель Месси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аргентиналық дәл осылай "Барселонаның" 5 мыңыншы голын соққан еді

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. "Барселона" Испания чемпионатының 1-турында өз алаңында "Алавеспен" матч өткізді. Ойында 3:0 есебімен алаң иелері ұтты, деп хабарлайды news.sportbox.ru сайты.

Бірінші голды кездесудің 64-минутында Лионель Месси соқты. Бұл гол Испания чемпионатында каталондық клубтың 6 мыңыншы голы болды. Естеріңізге сала кетсек, аргентиналық дәл осылай 5 мыңыншы голды соққан еді. Аталған гол 2009 жылы 1 ақпанда аталған команда "Расингпен" ойнап жатқан кезде соғылған еді.

Мессиге мұсылман жанкүйерлері неліктен қарсылық білдірді?

"Барселона" Примерде 6000-голын соғып үлгерген екінші команда болып отыр. Бірінші орында "Реал" командасы тұр.

Жаңалықтар
0