Спорт

Танымал сарапшы Головкиннің үш кемшілігін атады

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшы бірінші жекпе-жекте Головкиннің соққылары дәл тимегенін айтып өтті

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. BoxingScene.com порталының танымал сарапшысы Стивен Эдвардс WBA (Super), IBO, WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен алғаш рет өткізген жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, қазақстандық спортшының қателіктерін атады.

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бұрынғы әлем чемпионы Головкин – "Канело" жекпе-жегінің жеңімпазын атады

Боксшылар алғаш рет өткен жылдың қыркүйек айында Лас-Вегастың T-Mobile аренасында кездескен болатын. Аталған кездесу нәтижесінде жеңімпаз анықталмады. 12 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесі қос боксшының тең түсуімен аяқталды.

Головкин Дениске: "Мәңгі жадымызда қаласың"

"Бірінші кездесуде Головкиннің соққылары дәл тимеді. Мұны үш түрлі түсіндіруге болады. Біріншіден, боксшы қарсыласының контрпанчтеріне бола белгілі бір соққылар жасағысы келмеді. Екінші — бұл соққылар өздігінен дәл тимеді. Бірақ, GGG жағдайында мұндай нәрсе болуы мүмкін еместігін жақсы білеміз. Үшінші — жекпе-жек қарқынын бәсеңдеткісі келді. Бұған "Канелоның" контрпанчтері себеп болуы мүмкін. Ал келесі кездесуінде Головкин қайтадан дәл соққылар жасауға көшті", — деп жазды автор.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварес 15 қыркүйек күні осы аренада қайта жұдырықтасатын болады. HBO арнасы оны ақылы трансляция жүйесі арқылы көрсетеді.

Головкиннің бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0