Спорт

Қазақстандық каратэші қыз Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды

© REUTERS / Issei KatoГузалия Гафурова
Гузалия Гафурова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтық сында каратэші қыз Гузалия Гафурова қытайлық қарсыласынан басым түсті

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Қазақстан құрамасының ойындарындағы алтыншы алтын медалін каратэші қыз Гузалия Гафурова жеңіп алды.

Боксшы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Азиада-2018: қазақстандықтар бүгін қандай жарыстарға қатысады

68 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан отандасымыз финалда Қытай каратэшісі Линлин Танмен кездесті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Жанкешті жекпе-жекте қазақстандық каратэші қытай қызын 2:0 есебімен ұтып, ұлттық құрама қоржынын тағы бір алтынмен байытты.

Сонымен, Гузалия Гафурова Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Алғаш рет алтын жүлдені Азиада-2014 жарысында иеленген еді.

Қазір Қазақстан құрамасының қанжығасында алты алтын медальден бөлек, сегіз күміс және 28 қола жүлде бар.

Қазақстандық балуан Азиаданың алтын жүлдегері атанды

Жаңалықтар
0