Спорт

Қазақстандық боксшы жекпе-жексіз әлем чемпионатының финалына шықты

CC0 / skeeze / Әйелдер боксы
Әйелдер боксы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлем біріншілігіне 81 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде үш-ақ қыз келген

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Қазақстандық Дина Исламбекова Будапеште (Венгрия) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлады Sports.kz.

Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектерден шеттетілді

Исламбекова 81 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Әлем біріншілігіне бұл салмақта үш-ақ қыз келген.

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының ресми сайты хабарлағандай, Исламбекова чемпионаттың шешуші жекпе-жегінде айқасқа түседі, ал оның қарсыласы украиналық Мария  Ловчинская мен Үндістан өкілі Неха Ядав арасындағы жекпе-жектен кейін анықталады.

Жастар әлем чемпионатының финалдық кездесулері 31 тамызда өтеді. 

Головкиннің бапкері Сауль Альварестің таңдаған ұрыс тәсілінен қатты көңілі қалғанын айтты  

Естеріңізге сала кетейік, Махмұд Сабырхан (49 кг), Әнел Құдайберген (48 кг), Ермахан Жакпеков (69 кг), Нұрбек Оралбай (75 кг) және Сағындық Тоғамбай (81 кг) жартылай финалға өтті, олар кем дегенде қола медаль алады. Сонымен қатар, Гүзел Садықова (81 кг) жеребе қорытындысы бойынша жарысты жартылай финалдан бастайды. 


Жаңалықтар
0