АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатында Зульфия Чиншанло топ жарды.
Чиншанло жұлқа көтеру жаттығуын 75 келіден бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 келі, үшінші рет шыққанда 90 келі көтерді.
Серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 келіге тапсырыс берді. Алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады. Нәтижесінде 202 келі (87+115) көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді, деп жазды prosports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы допингке байланысты спорттан шеттетілген Зульфия Чиншанлоны жарыстарға қатыстырмау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын.
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиамен (36-0, 29 КО) жұдырықтасады.
Ringpolska порталы таратқан мәліметке сәйкес, жекпе-жек 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Оны DAZN платфорамасы көрсетеді.
Мексикалық Хайме Мунгианың жасы – 24-те. Бұрын супер орта салмақтағы чемпион болған. Ал өткен жылы қаңтар айында орта салмаққа түсіп, екі жекпе-жек өткізді. Екеуінде де жеңіске жетті. Алдымен ирландиялық Гэри О'Салливанды жеңсе, одан кейін Багам аралдарынан келген Туреано Джонсоннан басым түсті.
Оқи отырыңыз: "Канело" Йылдырымды жеңгеннен кейін тосын оқиға болды – видео
Ал Головкин Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекті күтпейді. Себебі Канело супер орта салмаққа ауысып кетті. WBO чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға мүмкіндік жоқ. Америкалық боксшы өз титулын британдық Лиам Уильямсқа қарсы жекпе-жекте қорғауға міндеттелген.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің түрік Авни Йылдырымды жеңгеннен кейін берген сұхбаты кезінде тосын оқиға болды, деп хабарлады Sports.kz.
Блогер Джейк Пол мен бұрынғы ММА шебері Бен Аскреннің суреті бейнеленген футболка киген екі жанкүйер рингке шығып кетті: олар камераның алдында секіріп, басқа жекпе-жекті жарнамалап жіберді, бірақ Канело оларды дереу қуып жіберді. Видеоеы төменде көруге болады.
Appears there were ring crashers wearing T-shirts promoting Jake Paul vs Ben Askren after Canelo's win. Canelo told them where to go… https://t.co/3rtJH8GNCf
— Michael Benson (@MichaelBensonn) February 28, 2021
"Канелоның" командасы шақырылмаған қонақтардың әрекетіне таңғалып тұрып қалды – әуелі мексикалықтың бапкері тіпті не болғанын түсінбеді.
Пол - Аскрен жекпе-жегі бокс ережесі бойынша 17 сәуірде өтеді деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Альварес Авни Йылдырымды үшінші раундта жеңді: ол алдымен түркиялық боксшыны нокдаунға жіберді, содан кейін Йылдырым жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қарттарды өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды, олардың бірі марқұмдармен таныс болған.
1 наурыз күні Алтынсарин ауданының Щербаково ауылында жеке үйден зорлықпен өлтірілген 84 жастағы ер адам мен 75 жастағы әйелдің денесі табылды, деп жазды өңірлік "Алау" басылымы.
Полиция қызметкерлері бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" және 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркеді.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, облыстық полиция департаментінің басшылығы келді.
Полицияның мәліметіне сәйкес, жедел-іздестіру шаралары барысында 31 және 32 жастағы күдіктілер анықталып, ұсталды. Қаскүнемдердің бірі зардап шегушілермен таныс болған, ол бұрын сол ауылда тұрған.
Сарыағаш тұрғыны зейнеткерді өлтіріп, денесін ауласына көміп тастаған
"Күдіктілер облыс орталығынан ауылға зейнеткерлерді тонау мақсатында келген. Ер адамдар ақша талап етіп, зейнеткерлерге пышақ жарақатын салған", - деп жазды басылым полицияға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.