Спорт

Террористерден қорыққан Роналду өзіне оққағар сұрады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуКриштиану Роналду
Криштиану Роналду - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Роналду "Ювентуске" 2018 жылдың жаз айында 112 миллион еуроға ауысқан еді. Ол А сериясындағы екі матч ойнаса да, гол соғып көзге түспеді

АСТАНА, 2 қыркүйек  Sputnik. "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Туринде жүргенде отбасын қорғау үшін команда жетекшілерінен оққағар беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Football Italia сайтына сілтеме жасап.

Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлемге әйгілі футболшы үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған

Басылым футболшының Гран Мадридтегі вилласын қорғауды өтінгені туралы жазды. Оққағарлардың біреуі Роналдудың үйін, екіншісі оның отбасын, ал үшіншісі португалиялықтың өзін қорғайды.

Сондай-ақ, материалда Роналдудың бұлай жасауына "Кьюво" мен "Ювентус" арасындағы матч алдында антитеррористік шаралардың жүргізілуі себеп болғаны туралы жазылған.

Роналду "Ювентуске" 2018 жылдың жаз айында 112 миллион еуроға ауысқан еді. Ол А сериясындағы екі матч ойнаса да, гол соғып көзге түспеді.

Танымал спортшы екі жыл түрмеге отыруы мүмкін

Ресейде өткен чемпионат алдында The Mirror басылымы Роналдудың турнирдегі қауіпсіздігі үшін аралас жекпе-жек шебері Гонсало Сальгадо мен бұрынғы десантшы Нуно Марекос жауап беретіні туралы айтылды. Футболшының айтуынша, мұндай түсі суық адамдар өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0