Бекболат Тілеухан

Бекболат Тілеухан орнын босатуды талап еткендерге жауап берді

4538
(Жаңартылды 10:42 11.09.2018)
"Ұлттық спорт Бекболатқа керек пе? Бекболат ұлттық спортқа керек пе?" деген тағы бір мәселе бар, дейді мәжіліс депутаты

АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. Орныма отыратын лайық азамат табылса, бұл қызметтен қуана-қуана кетуге дайынмын. Осылай мәлімдеді ҚР ұлттық спорт қауымдастығының президенті, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

Мәжіліс депутаты журналистердің өз еркімен қызметінен кетуіне байланысты қойылған сауалдарына жауап берді. Күні кеше бұл мәселені қазақстандық заңгер Айгүл Орынбек көтеріп, ұсыныс әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан қолдау тапқан-ды. 

"Дәл қазір және қуана-қуана кетуге дайынмын. Жұмысымды істей алатын адам ұсынса, орнымды қазір-ақ босатуға дайынмын. Бұл орынға жабысып қалған ештеңем жоқ. Мен өзіме тиесілі жұмысты орындадым деп ойлаймын. Әлі де орындай бермекпін. Мақтанып жатыр деп ойлап қалмаңыздар. "Федерация бастығын және т.б.-сын құртыңдар" деп жұрт шулап жатыр. Өзге әріптестерімді қорғауға себебім бар. Олар бұл істі маған дейін қолға алған. Солардың бірі — Рамазан Сәтбаев. Өзі бұл жұмыстан жалықты ма, әлде басқа себебі болды ма қызметінен кетті. Бірақ ол мен үшін қымбат кадр еді. Осы жігіттердің арқасында көп жұмыс атқарылды", — деді депутат Sputnik Қазақстан мультимедиялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Әрі қарай Бекболат Тілеухан кез келген саланың тізгінін ұстауға әзір екенін жеткізді. Бұл тізімде қарапайым мектеп те бар болып шықты.

"Маған ұлттық спорттың тізгінін немесе мектептің тізгінін берсең де бәрібір. Кез келген нәрсенің бабын табудың жолын білемін. Өйткені, өмірлік тәжірибем мол. Кісімен жұмыс істей аламын.

Ал екі адамның басын қосып, есіктің алдын сыпыртуға шамасы жетпейтін кейбір кісілердің осы іске кіріскісі келетініне таңым бар.

Тағы да айтайын, қажет деп тауып, орнымды босатуды талап етіп жатса, орнымды қуана беруге дайынмын. (…) Біздің аударыспақ деген спортымызды бір жарым миллиард халқы бар Қытай Халық Республикасы мойындады. Бұл әлемнің бестен бір бөлігі мойындады деген сөз. Сол кезде "Біздің аударыспағымызды әлем мойындап жатыр" деп неге айтпады? Я болмаса "Этно ойындарда Қазақстан жеңіске жетті" деп сүйінші сұраған кезде неге үн қоспады? Бір рет өзбектен жеңілген еді "Атсыз барды" деп жала жапты. Атты дайындау солардың тарапынан жасалатын дүние. Осындай жағдайға тап болғанда көпіртіп-көпіртіп әкеліп біздің сағымызды сындырғаннан қандай пайда бар?" — деп сөзін жалғады федерация бастығы.

Бұдан кейін мәжіліс депутаты спорттың бұл түріне жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінбей отырғанына тоқталды. Бюджеттен бөлінетін 250 миллион теңгенің 40%-і жүлдеге жұмсалады екен.

"Басыңнан төмен қарай аспа-төк ақша төгіліп жатса қызық шығар?! Айналып келгенде анаған-мынаған жалпақтап жалығасың. "Әй, жігіттер, бере тұрыңдаршы. Сендерге бергенге ақша болмай тұр. Осының бір есебін табармын" деп өздеріне жалынып кетесің.

Ана байдан барып бір тиын, екіншісінен он тиын сұрап күнің өтеді.

Қарындасым, (журналиске — авт. ескертпесі) сіз көңілге келе ме деп жатырсыз. Рахмет! Тура көкейімдегі нәрсені айттыңыз. Осыны айтса екен деп іштей тіленіп отырған едім. Бұл орынға жабысып қалған ешнәрсем жоқ. Рахатанып басқарып, атын шығарып отыр десе — ол екінші мәселе. Жасыратын ештеңесі жоқ. Ат пен танымалдылыққа зәру болып жүрген адам емеспін. "Ұлттық спорт Бекболатқа керек пе? Бекболат ұлттық спортқа керек пе?" деген тағы бір мәселе бар. Мақтанып жатқаным жоқ. Таза мінсіз асыл тас шер тарқатқанда шығады демекші, алдыларыңызда шерімді тарқатып отырмын", — деп қорытты сөзін Бекболат Тілеухан.

4538
Кілт сөздер:
көкпар, ат, ұлттық спорт түрлері, ақша, депутат, Бекболат Тілеухан
Тақырып бойынша
Бекболат Тілеухан туралы не білеміз?
Денис Теннің қазасы: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді
Бекболат Тілеухан "баласының миын ашытқан" білім министрлігіне шүйлікті
Бекболат Тілеухан: қазір көп жер өз мақсатына сай пайдаланылмай жатыр
Бекболат Тілеухан қаржылық пирамидаға қатысты: кім жаман? Үкімет жаман
Бекболат Тілеухан: америкалықтар көкпар тартып, қытайлар аударыспақты мойындады
Бекболат Тілеухан министрге: ісіңізді жақсы білгеннен кейін сөйлете бергіміз келеді
Иллюстративті фото

Қазақстанда туып-өскен аралас жекпе-жек шебері қарсыласын нокаутқа жіберді

1062
(Жаңартылды 12:09 11.10.2020)
Ілияс Хамзин Қазақстаннан ата-анасымен бірге Омбыға көшіп кеткен. Ол кикбоксингпен және тай боксымен айналысты, содан кейін аралас жекпе-жекке ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда туған Ілияс Хамзин Екатеринбургтегі аралас жекпе-жек турнирінде ресейлік Дмитрий Гавриловты мерзімінен бұрын жеңді.

Instagram-дағы MMA Fighters KZ аккаунты хабарлағандай, жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Official | MMA Fighters KZ 🇰🇿 (@mma_f1ghters_kz)

"Екатеринбургтегі турнирде Ілияс Хамзин қарсыласын нокаутқа түсірді. Мына соққыдан кейін Гаврилов есін жия алмады", - делінген жазбада.

Нәтижесінде Ілияс Хамзин алтыншы жеңісіне қол жеткізді, ол бір рет жеңілген.

Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

Ілияс Хамзин 32 жаста, ол Қазақстанда туған, содан кейін ата-анасымен Омбыға көшіп кетті. Ол кикбоксингпен және тай боксымен айналысты, бірақ ресейлік файтер Питер Янмен кездескеннен кейін ол аралас жекпе-жекке ауысты.  

1062
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, ММА
Тақырып бойынша
Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео
Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео
Макгрегор Серронені жойқын нокаутқа түсірді - видео
Жеңілмеген өзбек боксшысы нокаутшы Жүкембаевты жекпе-жекке шақырды
Жәнібек Әлімханұлы

Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

5934
(Жаңартылды 09:56 10.10.2020)
Бұл қазақ спортшысының кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі. Бұл жолы аргентиналық "Сиқыршымен" кездескен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық қарсыласын екінші раундта жойқын нокаутпен жеңді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Бұл қазақ спортшысының (8-0, 4 КО) кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі, төртінші рет титул үшін жұдырықтасып отыр, деп хабарлайды Sports.kz. 

Ол Лас-Вегастағы бокс кешінде "Сиқыршы" деген лақап атпен өнер көрсететін аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) кездесті. Әлімханұлының екі чемпиондық белбеуі ортаға салынды. Ол WBC және WBO чемпионы атағын сақтап, жеңіске жетті. 27 жастағы қазақстандық боксшы әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта сұлатты.

5934
Кілт сөздер:
бокс, видео, жекпе-жек, нокаут, Жәнібек Әлімханұлы
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды – толық видео
"Бұл – басы ғана": Әлімханұлы айшықты жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы: Альварес пен Джейкобсты жеңе алатынымды бәрі біледі
Әлімханұлы атақты Пакьяоның промоутерімен келісімшартқа қол қойды

Норвегиядағы жерасты әскери-теңіз базасына қызығушылық артты

0
(Жаңартылды 22:58 22.10.2020)
АҚШ әскери-теңіз күштері Норвегиядағы Олавсверн жерасты теңіз базасын қайта "тірілтуге" ниет танытып отыр

Seawolf деп аталатын бірнеше теңіз барлаушы сүңгуір қайығы осы жерден патрульге шығып, Солтүстік флоттың кемелерін бақылайтын болады, деп жазады РИА Новости.

Жартастағы қала

Олавсверн базасындағы белсенді әскери қызмет 2000-шы жылдардың басында тоқтады, нысанның жұмысы 2009 жылы толықтай тоқтап қалды. Алайда, жақында америкалықтар ядролық сүңгуір қайықтарды осы жерге қайтадан көшіруге шешім қабылдады.

Seawolf класындағы барлық сүңгуір қайық Олавсвернге ауыстырылады. Тамыз айында олардың бірі Н Бангор әскери-теңіз базасынан (Вашингтон штаты) Норвегияның Тромсо қаласына дейін сынақтан өтті. Америкалықтар бұл портты атомдық сүңгуір қайықтарының аралық аялдамалары үшін пайдаланады: олар қорларды толықтырады және рейсаралық жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Seawolf класты атомдық сүңгуір қайығы –  АҚШ-тағы ең құпиялы сүңгуір қайықтардың бірі. Олар 1980 жылдары жаудың толық бақылауында тұрған аудандардағы операциялар үшін арнайы жасалған. Оның бортында кемеге және суасты қайығына қарсы күшті қарулар бар. ХХ ғасырдың аяғында америкалықтар осындай 30-ға жуық сүңгуір қайық дайындаужы жоспарлады, бірақ КСРО ыдырағаннан  және Варшава келісімі ұйымы таратылғаннан кейін олар өз ойын өзгертті. Нәтижесінде, АҚШ әскери-теңіз күштері тек үш сүңгуір қайықты ғана алды.

Олавсверн әскери-теңіз базасы 1960 жылдары салынған. Ол Ресеймен шекарадан небәрі 350 шақырым жерде, Солтүстік флоттың суасты күзеті жолдарының маңында орналасқан. Қырғи қабақ соғыс кезінде америкалықтар мен олардың одақтастары Солтүстік Мұзды мұхит акваториясына жауапты базада сүңгуір қайықтарға иелік етті. Осылайша, НАТО сүңгуір қайықтарының экипаждары кез-келген уақытта Солтүстік флоттың Норвегия теңізіне және одан әрі Солтүстік Атлантикаға шығу жолын жабуға дайын тұрды.

Үлкен жерасты кешені жартастарда қашалып, қалыңдығы 300 метр болатын тас қабатымен қорғалған. 25 мың шаршы метрден астам алаңда қоймалар, оқ-дәрі сақтайтын орындар, жөндеу айлақтары бар. Тоннельдерді жобалау мен салуға, сондай-ақ нысанды заманауи құрылғылармен жабдықтауға 500 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды. Еегер салыстыратын болсақ, 1961 жылы пайдалануға берілген әлемдегі ең алғашқы USS Enterprise атом кемесінің құны шамамен 450 миллионға жеткен еді.

Арктикаға жақын

Солтүстік флоттың бұрынғы командирі, адмирал Вячеслав Поповтың пікірінше, жаңартылған Олавсверн базасы Ресей үшін НАТО тарапынан тағы бір қатерлі орынға айналуы мүмкін.

"Seawolf мұз астында жүзуге жақсы бейімделген, - деді адмирал РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында. 

Алайда, сарапшылар атап өткендей, америкалықтар қиындықтарға тап болуы мүмкін, өйткені құқықтық база қазір заң жүзінде жеке адамға тиесілі. 2000 жылдардың соңында батыс сарапшылары Ресей әскери-теңіз күштері бұдан былай НАТО-ға қауіп төндірмейді, ал Олавсвернді күтіп ұстау тым қымбатқа түседі деп ойлады. Сондықтан Норвегия үкіметі базаны аукционға қойды.

2011 жылы Олавсвернді норвегиялық кәсіпкер 4,5 миллион долларға сатып алды. Ол кешенді жалға берді. Жалға бергендердің ішінде ресейлік компаниялар да бар. "Академик Немчинов" және "Академик Шатский" ғылыми-зерттеу кемелері ауық-ауық келіп тұрды. Келісімнен кейін көптеген норвегиялық әскери басшы ел үкіметін сынға алды. Осылайша, вице-адмирал Эйнар Скорген нысанның сатылуын миға сыйымсыз дүние деп атады.

"Біз сүңгуір қайықтарды жүздеген қосымша миль жүруге мәжбүрледік. Біздің Ресеймен Баренц теңізінде ортақ шекарамыз бар. Демек, біздің әскери-теңіз флотымыз Арктикадағы теңіз базасында орналасуы қажет", - деп мәлімдеді Скорген.

Он жылдан кейін НАТО өз қателігін түсінді. Норвегияның NRK телеарнасының мәліметінше, Пентагонның жоғары лауазымды әскери шенеуніктері соңғы апталарда Олавсвернге бірнеше рет барған. Ал Норвегияның қорғаныс министрлігі елдің қарулы күштеріне, АҚШ пен НАТО бойынша одақтастарына базаны қайтадан мақсатқа сай пайдалануға мүмкіндік беретін келісімді мақұлдады.

"Норвегия басшылығы Ресеймен достық пейілде қарым-қатынас орнатып отырған жоқ, дегенмен жақында олар Ресеймен Баренц теңізіндегі кеңістікті делимитациялау туралы келісімге қол қойды, – дейді Бүкілресейлік флотты қолдау қозғалысының төрағасы, I дәрежелі капитан Михаил Ненашев.

– Біз мұндай қадамға тату көршілік және аймақтағы ынтымақтастықты дамыту саясаты негізінде бардық, бұл ретте Норвегия да соған сәйкес әрекет етеді деп үміттендік. Бірақ Вашингтондағы "аймақтық комитет" қызметкерлерінің ұсынысы бойынша, Норвегия, керісінше, Солтүстік Атлантика мен Солтүстік Мұзды мұхитта Ресейге қатысты агрессиясын күшейтіп отыр".

Сарапшының пікірінше, әскери тұрғыдан Олавсверн АҚШ пен НАТО-ның солтүстік ендіктердегі позицияларын аз мөлшерде ғана күшейтеді, өйткені базаның координаттары мен мүмкіндіктері бұрыннан ешкімге құпия емес. Қауіп кезінде оны сүңгуір қайықтарды, ұшақтарды немесе суасты басқарылмайтын апппараттарын пайдалана отырып, миналармен тез бұғаттап тастауға болады.

Жерасты лабиринттері

Олавсверн жерасты базасы бірегей емес. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында осыған ұқсас ондаған нысан салынды. Ең үлкен бункерді шведтер өткен ғасырдың ортасында салған. Мускё әскери-теңіз базасы гранитті тасқа ойылып жасалған, ол Стокгольм архипелагының оңтүстігінде жеке арал түрінде орналасқан. Кемелер мен сүңгуір қайықтарды, казармаларды, жөндеу зауытын, қоймаларды және аурухананы қабылдауға арналған үш докпен (қалқымалы су асты кемесі) жабдықталған.

База мыңға жуық әскери қызметшінің ядролық бомбалауына немесе жаппай зымыран соққысына қарсы тұра алады. Теңіз түбі астындағы үш шақырымдық тоннель материктен мекемеге апарады.  2019 жылы Швеция әскери-теңіз күштері штаб-пәтерін сол жерге көшіреді. Онда жүзге жуық әскери қызметкерді және "Висбю" түріндегі бес корветті орналастырмақ.

Ресейге келетін болсақ, құпиясыздандырылған ең ірі жерасты базасы Қырымда орналасқан. Балаклава шығанағының жанындағы Таврос тауында бірден екі нысан жасырылған: суасты қайықтарын жөндейтін және паналайтын құрғақ док (қалқымалы су асты кемесі) және ядролық торпедалық оқтұмсықтар мензымырандарды сақтайтын қойма.

Ядролық соғыс болған жағдайда, үш мың адам жер астында бір ай бойы жайлы өмір сүре алуы мүмкін - отын, азық-түлік және су қоры үнемі жаңарып отырады.

КСРО ыдырағаннан кейін база Украинаның қолына өтті. Ол көптеген басқа нысан сияқты керексіз болып қалды және тоналды, түсті металдардың соңына түсушілер жабдықтарды ұрлап, талан-таражға салды. 2000 жылдары Балаклавада музей ұйымдастырылды. Ол жерде туристерге жөндеу зауытының жер асты бөлігі, арсенал, айлақ және бірнеше ғимарат көрсетіледі

Сарапшылардың бағалауынша, қажет болған жағдайда базаны қайта жарақтандырып, тетігін іске қосуға болады, бірақ оның қазіргі заманғы сүңгуір қайықтарды олардың көлеміне байланысты қабылдай алатындай мүмкіндігі жоқ.

0