Спорт

Футболшы саусағымен қарсыласының көзін шұқып алды - фото

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуОфициальный мяч Лиги чемпионов УЕФА
Официальный мяч Лиги чемпионов УЕФА - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ойыншының көзінен қан ағып, матчтың 70-ші минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды

АСТАНА, 16 қыркүйек — Sputnik. Ағылшын премьер лигасы кезінде "Тоттенхэм" командасының футболшысы қарсылас "Ливерпуль" командасының шабуылшысы Роберто Фирминоның көзін саусағымен шұқып алды. Бұл туралы Squawka News басылымы жазды.

Ойынның 70-ші минутында футболшы Ян Вертонген көзін шұқып алғаннан кейін форвард алаңнан кетуге мәжбүр болды. Футболшы көпке дейін көзін ұқалап отырады. Оны хавбек Джордан Хандерсон алмастырды.

"Ливерпуль" командасының жаттықтырушысы Юрген Клопп әзірге бұл жарақаттың қаншалықты ауыр екенін білмейтінін жеткізді. Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, Фирминоның көзінен қан аққан.

So, Jan Vertonghen nearly lost his finger in Roberto Firmino’s eye socket. 😵 pic.twitter.com/ytCkF3LQPx

"Мен бұл жағдайды алыстан бақыладым. Бірақ Фирмино үшін жайсыз жағдай болғаны сөзсіз", — деді Клопп.

"Ливерпуль" командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Фирмино жеңіс добын соқты. "Қызылдар" бес матчта бес рет жеңіске жетіп ағылшын премьер лигасында көш бастап келеді.

Жаңалықтар
0