Спорт

Головкинге жақсы жаңалық жетті

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин бос қалған IBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik.  Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Ливайн РИА Новостиге мексикалық Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен титулды жекпе-жекте жеңіске жеткеніне қарамастан IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін алмайтынын мәлімдеді. 

Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Канело" Головкиннен тартып алған белбеуінен екі күннен соң айырылды

Бұған дейін БАҚ-та WBA (Super), WBC және IBO белбеулері үшін өткен жекпе-жекте Головкинді ұпай санымен жеңген Альварес жарна төлеуден бас тартқаны жазылған еді.  

"Альварес шынымен де IBO тұжырымының белбеуін алмайды. Біз онымен келісімге келе алмадық. Бос белбеу екі үміткердің арасында бәске тігіледі. Оның ішінде бұл дивизиондағы рейтингте бірінші орынды иеленетін Головкин де болуы мүмкін ", — деді. 

Альварес кәсіпқой бокста 50 рет (34 нокаут) жеңіске жеткен, бір рет жеңіліп, екі рет тең түскен.   


Айта кетейік, қазақстандық боксшы жеңіліске ұшырағаннан кейін оның WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулері "Канелоға" өткен еді, бірақ олардың барлығы бірдей мексикалық боксшыға берілмеді.Өйткені Альварес Халықаралық бокс ұйымына (IBO) жарнаны төлеуден бас тартқан.   
Жаңалықтар
0