Спорт

Джошуа өзі нокаутқа жіберген боксшы алдында бас иді - видео

CC0 / / Боксшы қолғабы
Боксшы қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Боксшы ресейлік қарсыласын жетінші раундта нокаутқа жіберіп, чемпиондық белбеулерін қорғап қалды

АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Энтони Джошуа Александр Поветкинмен өткен жекпе-жектен кейін киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, ресейліктің алдында бас иді. Осы сәтте түсірілген видео британ боксшының Twitter аккаунтында жарияланды.

"Сәттілік саған, Поветкин. Болашақта жолың болсын", — деп жазылған видеоның тұсында.

"Поветкин — мықты қарсылас және ол бүгін осыны дәлелдеді. Мен оның денесі әлсіз болғанмен, "басы" өте мықты екенін түсіндім. Нокауттарға қайта оралып, оң қолымның күшін сезіндім", — деді Джошуа жекпе-жектен кейін.

Джошуа Поветкинді жетінші раундта нокаутқа түсірді. Қарымта кездесу Лондонның "Уэмбли" стадионында өтті. Ауыр соққы салдарынан ресейлік боксшыға дәрігерлер көмегі қажет болды. Британиялық WBA Super, WBO және IBF нұсқалары бойынша чемпион белбеулерін қорғады.

Жаңалықтар
0