Криштиану Роналду

Қыз зорлады деп айыпталған Криштиану Роналду түсініктеме берді

661
(Жаңартылды 19:39 29.09.2018)
"Ювентус" клубының футболшысы Криштиану Роналду тағылған айыпты жалған деп мәлімдеп, мақала жариялаған басылымды сотқа беретінін хабарлады

АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Италиялық "Ювентус" клубының футболшысы Криштиану Роналду Spiegel журналында шыққан мақаланы жалған деп мәлім етті. Мақалада америкалық Кэтрин Майорга футболшыны өзін зорлады деп айыптаған. 

"Мұның бәрі өтірік. Олар мен арқылы өздерінің атын шығармақ. Бірақ бұл менің жұмысының бір бөлігі, бәрі жақсы", — деп мәлімдеді Роналду.

РИА Новости басылымының хабарлауынша, кеше Spiegel журналы америкалық Кэтрин Майорга футболшыны өзін зорлады деп айыптап отырғанын жазды. 2017 жылы неміс журналы португалиялық футболшының 2009 жылы қыз зорлады деп айыпталғанын хабарлаған болатын. Spiegel таратқан ақпарат бойынша 2010 жылы футболшы тарабы зардап шеккен қызға 375 мың доллар ақша төлеген. Соттан тыс келісімге сәйкес тараптар оқиғаның мән-жайын айтпау туралы келіседі, ал зардап шеккен тарап айыптан бас тартуы тиіс болған. 

Мақала шыққан бойда Роналду оны журналистердің ойлап шығарғанын мәлімдеп, неміс басылымына қарсы іс-шаралар қолданатынын айтты. Жұма күні "Реалдың" бұрынғы ойыншысының адвокаттары Spiegel журналын сотқа беретінін хабарлады. 

661
Кілт сөздер:
футболшы, айып, қызды зорлау, Криштиану Роналду
Тақырып бойынша
Футбол бапкері балаларды зорлаған сәтін видеоға түсіріп отырған
Дәрігер операциядан кейін наркозда жатқан әйелді зорлап тастады
Күзетші көлігіне жылынып алуға отырған 12 жасар қызды зорлап тастады
Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады
Туысы зорлаған әйелдің кемтар қызы анасының басынан кешкен қорлығын айтып берді
Зейнеткер саяжайдағы үйінде немересінің 8 жасар құрбысын зорлап тастады
Бурабайда қаскөйлер екі күн бойы жалдамалы пәтерде қыз зорлаған
Куат Найман Хамитов

Қуат Хамитов қарсыласын небәрі 50 секундта нокаутқа түсірді - жекпе-жек видеосы

6075
(Жаңартылды 22:04 22.01.2021)
Хамитов ресейлік Пантелеевпен кездескен болатын. Ол қарсыласын бірінші раундтың 50-ші секундында нокаутқа түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (19-7-1) аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турниріне қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Хамитов ресейлік Пантелеевпен кездескен болатын. Бірінші раундтың 50-ші секундында нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Қуат Хамитов үшін бұл кәсіби карьерасындағы жиырмасыншы жеңіс. Максим Пантелеев екінші рет жеңіліп отыр. Жекпе-жекке дейін "Найманның" қарсыластары екі рет ауысқан болатын. Басында ол Магомед Магомедовпен (12-3), кейін Алексей Ильенкомен (8-3-1) кездесу өткізетін болды. Алайда екі кездесу де жүзеге асқан жоқ.
6075
Тақырып бойынша
Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Қуат Хамитов Алтынбекова жайлы: оған сол қажет болды
Спортшы Қуат Хамитов сотқа тартылды
Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы неге кейінге қалды
Қуат Хамитов

Қуат Хамитовтың жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

102
(Жаңартылды 18:30 22.01.2021)
AMC Fight Nights турнирі аясында қазақстандық Қуат Хамитова пен ресейлік Алексей Ильенко жекпе-жек өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Бүгін Ресейдің Магнитогорск қаласында аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирі өтеді.

Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Қуат Хамитов өнер көрсетеді. 32 жастағы отандасымыздың қарсыласы – 22 жастағы ресейлік Алексей Ильенко, деп жазды Prosports.kz.

Ильенко Калининградтың тумасы, қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы. Хамитовқа қарсы жекпе-жек ол үшін AMC Fight Night Global лигасындағы алғашқы кездесу саналады.

Оқи отырыңыз: Спортшы Қуат Хамитов сотқа тартылды 

Қазақстанда Ильенко - Хамитов жекпе-жегі "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі, трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. 

Айта кетейік, Хамитов соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың 25 қыркүйегінде өткізіп, Ахмеджан Боковты екінші раундта жеңген болатын. 

102
Кілт сөздер:
тікелей эфир, Қуат Хамитов
Коронавирус вакцина

Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жайлы не білеміз

0
Вакцинаны әзірлеген "Вектор" орталығының мамандары "ЭпиВакКоронаның" иммунологиялық тиімділігі 100 процент деп атады

Бұл COVID-19 қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 тікенді ақуызының кішкентай бөлшектерінен тұратын синтетикалық препарат. Қазір бұл вакцинаны сынауға үш мыңнан астам ерікті қатысып жатыр. Сондай-ақ, ол азаматтық айналымға да түсті. Оның кері әсері өте аз деп хабарланды. Сондықтан, вакцина егде жастағы адамдарға қолдануға да жарамды.

"ЭпиВакКорона" неден тұрады

Осы вакцина тасымалдағыш ақуызға бекітілген SARS-CoV-2 коронавирусының тікенді ақуызының қысқа бөлшектерінен тұрады. Бұл бөлшектердің құрамында пептидтер деп аталады. Сондықтан, вакцина да пептидтік деген атауға ие болды. Тасымалдаушы ақуызға коронавирустың РНҚ-сын қоршап тұрған нуклеокапсидті ақуыздың бөліктері бар. Иммундық әсерді күшейтетін зат - адъювант ретінде алюминий гидроксиді жұмыс жасайды. Сонымен қатар қосалқы қосылыстар мен су бар. Барлық құрауыш элементтер синтетикалық болып табылады.

Вакцина құрамында қандай пептидтер бар

РИА Новости агенттігіне "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталықта хабарлағандай, вакциналық пептидтердің құрамында ең алдымен В-жасушалы эпитоптар бар. Т-хелперлі эпитоптардың көзі ретінде тағысалдаушы ақуыз қызмет етеді.

SARS-CoV-2 - нуклеокапсид  қабыршағына оралған РНҚ молекуласы болып табылады. Мұның бәрі сыртынан тәж тәрізді тікенді ақуыздармен безендірілген липидті қапшықта тұрады. Сондықтан, оны коронавирус деп айтады.

Тікенді ақуыздар вирустық бөлшектің адам жасушасына жабысып, ішке енуіне көмектеседі. Көптеген зерттеулер бұл тікендердің организмде ең үлкен иммундық реакцияны тудыратынын анықтады. Биологтардың терминологиясында тікенді ақуыз -  антиген болып табылады. 

Бұл ақуыздың молекуласы өте үлкен және оның ішінде ерекше аймақтар – эпитоптар бар. Иммундық жүйенің жасушалары оларды анықтап, инфекциямен күресті іске қосады.

Вакцина қалай жұмыс істейді

Екпе нәтижесінде ақуыз тасымалдаушы барлық үш пептидті адамның Влимфоцитіне жеткізеді. Олар пептидті белсендіреді де, қорғаныш антиденелер - иммуноглобулиндер өндіріле бастайды. Әрбір В-эпитопы бірегей иммуноглобулиннің синтезіне жауап береді. Алдымен M (IgM) тобына жататын антиденелер түзіледі. IgG - содан кейін қалыптасады да, олар иммунитетті көрсетіп, ұзақ уақытқа қанда қалады. 

"Вектор" орталығындағылар екпеден туындайтын антиденелер коронавирустың тікенді ақуыз үшін айрықша екенін растайды. Иммунизацияланған еріктілердің қан сарысулары вирусты бейтараптандыратын белсенділік танытады. Демек, антиденелер коронавирусты танып қана қоймай, оны жоюға қабілетті.

"ЭпиВакКорона" құрамында коронавирус бар ма

Онда ешқандай вирус және оның бөліктері жоқ. Бұл вакцина құрамында аденовирустар бар "Спутника V" вакцинасынан өзгеше. "ЭпиВакКорона" құрамында РНҚ, ДНҚ, тірі құрауыштар, консерванттар немесе антибиотиктер жоқ. Оның құрамында пептидтер бар. Олар коронавирустың ақуыздарымен бірдей пептидтер – ақуыздар бөлшектері бар. 

Пептидтік вакцина қалай жасалады

Ол пептидтердің химиялық синтездері, яғни, жекелеген аминқышқылды қалдықтардан бірізді тізбек құру процесімен әзірленеді. 

"Егер пептид қысқа - сегізден онға дейінгі қалдықтар болса, онда синтездеу ерітіндіде өтуі мүмкін болады. Ол ұзағырақ, бірақ арзан. Ұзынырақ пептидтер қатты фазалы әдіспен синтезделеді. Сегіз аминқышқылының қалдықтарынан тұратын пептид қатты фазалық әдіспен көлеміне, аминқышқылдарының реттілігі мен жабдық сипаттамаларына байланысты екі сағат ішінде, ұзақ дегенде бір тәулік ішінде синтезделеді. Әрі қарай тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографиясымен тазарту жүргізіледі. Бұл әлдеқайда тез, бірақ арзан емес", - дейді В.Н.Орехович атындағы биомедициналық химия ғылыми-зерттеу институтының пептидтік инженерия зертханасының меңгерушісі Екатерина Колесанова.

Екпе қалай жасалады

Вакцина суспензия түрінде шығарылады және шприцпен иық бұлшықетіне енгізіледі. Пептидті препараттар иммунитеттің қуатты әрі жылдам жауап қатуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, "ЭпиВакКорона" 21 күн аралығымен екі рет бірдей мөлшерде енгізіледі.

Қандай кері әсері бар

І және ІІ кезеңдегі сынақтарға қатысушылар екпе салған орынның аздап ауыратынын, бірақ, тез басылатынын айтқан. Басқа жағымсыз әсер тіркелген жоқ. 

Тіркеуден кейінгі сынаққа қатысушылар құрған ресми емес #ЭпиВакКорона Telegram арнасында қолайсыздық, екпе салған орынның тәулік бойы қызарып тұруы, иықты қатты ауырсыну секілді аздаған кері әсер жайлы айтқан. Дене қызуының көтерілуі, қалтырау секілді белгілер ешкімнен байқалмаған немесе оның екпемен байланысы расталған жоқ. 

"ЭпиВакКорона" қаншалықты тиімді

"Иммунологиялық және профилактикалық тиімділік бар. Біріншісі - айрықша антиденелер шығару. Клиникалық зерттеулердің I-II кезеңдерінің нәтижелері бойынша барлық еріктілерде айрықша антиденелер түзілді. Профилактикалық тиімділік - бұл екпе салдырғандардың аурудан қорғануы. Бұл бағыттағы зерттеулер тіркеуден кейінгі клиникалық сынақтар барысында жалғасып жатыр. Мәліметтер ақпан айында дайын болады", - деп түсіндірді Ресей тұтынушлар құқығын қорғау мекемесінің баспасөз қызметінде. 

"Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығында І-ІІ кезеңдердің клиникалық сынақтары әлі аяқталмағанын айтты. 

Қазір плацебо тобымен рандомдалған зерттеу өтіп жатыр. Адамдарды кездейсоқ іріктеумен топтарға бөліп, олардың біріне вакцина, біріне физикалық ерітінді салынып жатыр. Сынақтар соңғы еріктіге екпе салғаннан кейін 180 күннен соң аяқтайды. 

Бір уақытта жасы 60-тан асқан азаматтарға да сынақ жүргізіліп жатыр. Осы топ бойынша алдын ала мәлімет те ақпан айында дайын болады. 

Вакцинаның әсерін өз бетінше қалай тексеруге болады

IgG тобындағы антиденелердің коронавирустың S-ақуызына әсері бойынша қан талдауын вакцина егілген күннен бастап 35-42 күн өткен соң ғана жасау керек. Алайда, барлық тест-жүйелер "ЭпиВакКорона" түзген антиденелерді көре бермейді.

Ресей тұтынушлар құқығын қорғау мекемесінде мәлімдегендей, ол үшін "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығы әзірлеген "SARS-CoV-2-IgG-Вектор" тест-жүйесі сәйкес келеді. 

Коронавирусқа қарсы пептидтік вакцинаны тағы кім әзірлеп жатыр

Бүкіл әлемде пептидтік вакциналар эксперименттік сатыда тұр. Олардың әзірлеу және тексеру үлкен шығынды қажет етеді. Сондықтан, олар мРНҚ, векторлық және инактивацияланған / өлтірілген вакциналардан артта келе жатыр. Ресейде бұл мәселені өз бетімен шешу үшін қажетті ресурс пен білікті мамандар жеткілікті. 
19 қаңтардағы ДДҰ тізімінде "ЭпиВакКоронадан " басқа тағы екі пептидтік вакцина бар. Олар да адам ағзасында тексеріліп жатыр.

 

0