Спорт

Бейжің Олимпиадасы: Рыпакова он жылдан кейін күміс медаль иеленді

© AFP 2024 / Fabrice CoffriniОльга Рыпакова
Ольга Рыпакова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он жыл бұрын Бейжіңдегі Олимпиадада жеңіл атлет төртінші орын иеленген болатын

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. 2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық Ольга Рыпакова төртінші орыннан екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитеті.

Он жыл бұрынғы Олимпиада қорытындысы бойынша Рыпакова үш қарғып секіруден төртінші орын иеленген еді. Алайда кейінірек қола және күміс жүлдегер атанған атлеттер – грекиялық Хрисопия Деветци мен ресейлік Татьяна Лебедеваның допинг пайдаланғаны дәлелденіп, жарыстағы нәтижелері жойылды.

Сөйтіп, Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) Рыпакованы Олимпиаданың күміс жүлдегері деп ресми түрде таныды. Лебедева мен Деветци дисквалификацияланған.

Жаңалықтар
0