Ольга Рыпакова

Ольга Рыпакова: жаңа Олимпиада жүлдесін қабылдай алмадым

671
(Жаңартылды 20:22 04.10.2018)
Олимпиада чемпионы жаңа жүлде тамаша көңіл-күй сыйламағанын мәлімдеді

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Кешеден бері 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың ресми түрде 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері деп танылғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл хабарды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі жеткізген еді. 

Бірақ даңқты отандасымыздың өзі бұл жүлдені қабылдай алмайтынын айтты.

"Әр нәрсенің өз уақытымен болғаны жақсы. Жүлде ұтып, тұғырда тұрған сәттегі қуанышыңды ештеңемен де салыстыруға болмайды. Бүгінгі жеңіс маған ондай тамаша көңіл-күй сыйламады", – дейді спортшы. 

Ольга Рыпакова мұндай жеңісті спортшы өз күшімен жеңіп алуы тиіс екендігін айтады, деп жазды altaynews.kz.

"Тыйым салынған дәрі-дәрмекті пайдалануға үзілді-кесілді қарсымын. Жеңіске ақ жолмен жету керек", – деді ол.

Ольга Рыпакова жоғарыда өзі айтқандай, тамаша көңіл-күйді Токиода болатын Олимпиадада сезінгісі келетінін айтып қалды. 

"Токиода болады деп жоспарланған Олимпиадаға қатысқым келеді. Ол үшін жақсы даярланып, жарақат алмауға тырысу керек. Бірақ менде одан бұрын да жоғары деңгейдегі жарыстар бар. Әлем чемпионаты мен "Гауһар лига" күтіп тұр", – деді спортшы.

Айта кетейік, он жыл бұрынғы Олимпиада қорытындысы бойынша Рыпакова үштік секіруден төртінші орын иеленген еді. Алайда кейінірек қола және күміс жүлдегер атанған атлеттер – грекиялық Хрисопия Деветци мен ресейлік Татьяна Лебедеваның допинг пайдаланғаны дәлелденіп, жарыстағы нәтижелері жойылды.


671
Кілт сөздер:
Ольга Рыпакова, олимпиада, медаль
Сауль Канело Альварес

"Канело" көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті видео

1494
(Жаңартылды 11:28 22.09.2021)
"Канело" жекпе-жекке арналған баспасөз конференциясында қарсыласының кеудесінен итеріп жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. WBA, WBO және WBC титулдарының иегері Сауль "Канело" Альварес супер орта салмақтағы IBF титулының иегері америкалық Калеб Плантпен төбелесіп қалды. Оқиға олардың жекпе-жегіне арналған баспасөз конференциясында болды.

​Көз түйістіру кезінде "Канело" қарсыласын қатты итеріп жіберді. Боксшыларды баспасөз конференциясына қатысушылар ажыратты.

Альварес пен Плант арасындағы жекпе-жек 6 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Спортшылар супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласады.

"Канелоның" соңғы жекпе-жегі 8 мамырда өтті, ол Билли Джо Сондерсті ұтып, WBO чемпионы болды.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен екі рет жұдырықтасты. Бітіспес қарсыластар алғашқы жекпе-жекте тең түссе, екіншісі Альварестің жеңісімен аяқталды.

Оқи отырыңыз:

1494
Кілт сөздер:
Сауль 'Канело' Альварес, төбелес
Виды столицы

Танымал қазақстандық спортшы карьерасын аяқтады

83
(Жаңартылды 10:59 22.09.2021)
Элизабет Тұрсынбаева ұзақ уақыттан бері денсаулығы мазалап жүргенін жасырмады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.

Элизабет Турсынбаева (Казахстан), завоевавшая серебряную медаль в женском одиночном катании на чемпионате мира по фигурному катанию в Сайтаме
© REUTERS / ISSEI KATO
2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева

Элизабет Тұрсынбаева Instagram-парақшасында карьерасын аяқтауға арқасынан алған жарақаты себеп болғанын айтты. Ол ұзақ уақыттан бері денсаулығы мазалап жүргенін жасырмады.

Мәнерлеп сырғанаушы халықаралық сайыстарда барлығы 39 медаль иеленді. Олардың 17-і алтын. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алды.

Оқи отырыңыз:

83
портфель ұстаған адам

"Айына 643 мың теңге алады": сенатор мәслихат басшыларының жалақасын жариялады

6
(Жаңартылды 11:36 23.09.2021)
Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенаторлар жергілікті мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бұл мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Бірақ әлі күнге дейін шешілген жоқ.

"Біз өңірлерге іс-сапармен шыққанда жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеру бойынша әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екеніне куә болдық. Атап айтқанда, үкіметтің 2021 жылғы маусымдағы қаулысына орай, жергілікті деңгейде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі еседен артық көтерілген. Алайда барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының еңбекақысы сол бұрынғы қалпында қалып қойды. Ондай жағдай 2016 жылы да болған", - деді Бақтиярұлы сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда ол мәслихат хатшыларының жалақысын да жариялады.

Оның айтуынша, аудандық деңгейдегі мәслихат хатшысы аудандық мәслихат аппарат басшысынан екі есе, ал бөлім басшысынан 50 процентке төмен жалақы алады.

"Мысалы, Қызылорда облысында аудандық деңгейде мәслихат хатшысы 200 мың теңге, ал мәслихаттың аппарат басшысы 453 мың теңге, бөлім басшысы 302 мың теңге алады. Ал облыстық деңгейде мәслихат хатшысы 467 мың теңге, мәслихаттың аппарат басшысы 634 мың теңге, ал бөлім басшысы 400 мың теңге жалақы алады. Мәслихат хатшыларының аппарат қызметкерлерінен төмен жалақы алуы лауазымдық иерархия қағидаларының сақталмауына әкеліп соғуда", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды.

"Тексеру комиссиялары төрағаларының жалақысы тек 33 процентке, тексеру комиссиясы мүшелерінің жалақысы 17 процентке ғана көбейді. Ал басқа мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі немесе одан көп есеге өсті. Бұл ретте тексеру комиссиясының мүшелері өз өкілеттіліктеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдарының жұмысына баға беріп, тиімділігінің тәуелсіз қорытындысын әзірлейтінін атап өткен жөн", - дейді Бақтиярұлы.

Бұдан бөлек, сенаторлар мәслихаттарға қол жинау және петиция жасау құзіретін беруді ұсынды.

Олар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді сұрады.

Оқи отырыңыз: 

6
Кілт сөздер:
жалақы, сенатор, мәслихат
Тақырып бойынша
Аймағамбетов мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгеретінін мәлімдеді
Министр қай өңірде орташа жалақы 321 мың теңгеге дейін өсетінін айтты
Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі – жолдау
2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақы қанша болады