Спорт

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин мен Альварес
Головкин мен Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен "Канело" қандай жағдайда үшінші рет шаршы алаңда кезігуі мүмкін?

АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі қандай жағдайда өтуі мүмкін екенін Worldboxingnews.net сайты хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин "Канелодан" жеңілгеннен кейін IBO рейтингінде жаңа орынға жайғасты

"Канело" Филдингке қарсы жекпе-жекте жеңсе, Головкинмен тағы кездесуі мүмкін. Бірақ қандай салмақта? Головкин ұзақ уақыт бойы 160 фунт салмақта жекпе-жекке шығуын тоқтатқысы келсе, 168 фунт салмақ бойынша өтуі мүмкін. Бұдан ауыр салмақта жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Головкин WBC ұсынысын қабылдаса, "Синко де майо" рингінде Чарломен жұдырықтасып, қыркүйекте супер орташа салмақта "Канелоға" қарсы үшінші жекпе-жегін өткізе алады, бірақ оның бәрі өзіне байланысты. Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегін Хирна DAZN алаңқайында көруіміз мүмкін", — деп жазады басылым.

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңартылған рейтингінде Геннадий Головкин бірінші орынға жайғасты.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекте жеңіліс тапты. Кейін Геннадий Головкиннің Қазақстанға келгені белгілі болды. Мұнда ол Қарағандыдағы спорт кешеніне барды, сондай-ақ Астанада "Барыс – ЦСКА" матчын тамашалады.

Жаңалықтар
0