Спорт

"Әңгіме көбейіп кетті". Аршавин өзі туралы қауесет таратып жүргендерді анықтамақ

Жазылу
Ресейлік легионер Андрей Аршавин "Қайрат" туралы жаңа кітап жазып жатқанын теріске шығарды

АЛМАТЫ, 11 қазан — Sputnik. Ресейлік футболшы Андрей Аршавин "Қайрат" футбол клубы турады кітап жазғаны туралы мәліметті жоққа шығарды.

Андрей Аршавин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Андрей Аршавин "Қайратпен" келісімшартын ұзартты

Спортшының айтқан сөзін Талғат Қалиев Telegram- арнасында жариялаған.

"Әңгіме көбейіп кетті. Тілшілер хабарласып, сұрастыра береді. "Қайрат" туралы кітап шығатынын білемін. Бүтін бір тарауы мен жайында. Бірақ авторы мен емес", — дейді Аршавин.

Футболшының айтуынша, қауесетті таратып жүргендерді іздеп тапқысы келеді екен.

"Футбол қауымдастығындағы біреу сыбысты естіп, мені автор деп хабар таратып жіберген сыңайлы. Бір жерде айта салып, артынша мәлімет таралып кетті. Атымды пайдаланып, танылғысы келіп жүргендердің кім екенін білгім келеді. Мұны анықтаймын", — деді спортшы.

Жақында БАҚ-та 2016 жылдан бері "Қайрат" құрамында ойнап жүрген футболшы Андрей Аршавиннің клуб жайында кітап жазып жатқандығы турады ақпарат шыққан болатын.

 

Жаңалықтар
0