Спорт

Тағы бір қазақ Олимпиада чемпионы атанды

© Photo : Официальный сайт НОК РКАйбек Оралбай финалда алжирлік Мохаммед Амин Хасидпен жұдырықтасты
Айбек Оралбай финалда алжирлік Мохаммед Амин Хасидпен жұдырықтасты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айбек Оралбай алжирлік қарсыласын екінші рет ұтты, олар алғаш рет әлем чемпионатында кездескен

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аргентинадағы жасөспірімдер Олимпидасында алтын медаль жеңіп алды.  

91 келі салмақ дәрежесінің финалында Айбек Оралбай  алжирлік Мохаммед Амин Хасидпен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Айбек Оралбайға берді. Үшінші орын пуэрторикалық Элвин Каналеске бұйырды, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі. 

© Photo : ҚР ҰОК ресми сайтыАйбек Оралбай жасөспірімдер Олимпидасында алтын медаль жеңіп алды
Айбек Оралбай жасөспірімдер Олимпидасында алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан
Айбек Оралбай жасөспірімдер Олимпидасында алтын медаль жеңіп алды

"Мен бұл боксшымен әлем чемпионатының жартылай финалында кездескен едім. Ол жолы да, бүгінде жеңіске жеттім. Екінші раундта қарқынды күшейтіп, одан басым түстім. Бүгін қолдау білдіруге келген қазақстандық спортшыларға, бапкерлерге алғысым шексіз. Олардың қолдауын сезіндім. Намысты қолдан бермей, алтынға қол жеткіздім", — деді Олимпиада чемпионы Айбек Оралбай.

Еске сала кетейік, тағы бір қазақ боксшысы Дамир Тойбай Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.


Жаңалықтар
0