Спорт

Жеңіліп көрмеген қазақстандық Америкада WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді

CC0 / / Бокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы күнге дейін жеңіліп көрмеген екінші жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ескендір Харсанның WBC титулы үшін өткізетін жекпе-жекте қарсыласы Хорхе Рамос болмақ

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. 8 желтоқсан күні Американың Остин қаласында әлі жеңіліп көрмеген жастар арасында жеңіл салмақтағы боксшы Ескендір Хасан америкалық спортшы Хорхе Рамоспен жекпе-жек өткізеді. Бұл жолы боксшылар WBC Intercontinental титулы үшін жұдырықтасады.

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке әлем чемпионымен шығады
Боксшылардың бірі жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтамаған жағдайда ол сегіз раундқа дейін созылады, деп хабарлайды .

Бұл жекпе-жекте нокаут болуы әбден мүмкін. Себебі, Ескендір Харсан осы күнге дейін төрт жекпе-жек өткізіп, барлығын мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Рамос алты кездесудің үшеуінде қарсыластарын нокаутқа жіберіп, біреуінде тең түсті.

Ескендірден бөлек бокс кешінде тағы екі қазақстандық жұдырықтасады.

Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын Асхат Жантұрсыновтың қарсыласы америкалық Майкл Коронадо болмақ. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланып отыр.
Ал Әли Балоев қарсыласы америкалық Рэйфорд Джонсонмен сегіз раундтық кездесу өткізеді.

Жаңалықтар
0