Головкин - Альварес жекпе-жегі

Джейкобс Головкин "Канело" жекпе-жегін қайта көріп, жеңімпазды атады

3898
Дэниэл Джейкобс Головкиннің соңғы жекпе-жегінде төрешілер әділ шешім шығармады деп есептейді

АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) Boxingtalk.com-ға берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық  Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Sports.kz. 

–  "Канело" — GGG рематчы туралы не ойлайсың?

–  Жекпе-жекті алғаш рет көргенімде, Головкин үш ұпайға басым болды деп ойладым. Бірақ кездесуді қайта қарап шықтым: бұл жолы жақынырақ отырып көрдім. Егер тең аяқталуы тиіс бір жекпе-жек болса, ол осы жекпе-жек. Не тең нәтиже, не GGG бір раундқа жеңді.

Головкин мен "Канелоның" екінші кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Оның нәтижесінде Альварес төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен жеңіске жетті: 114-114, 115-113, 115-113. Алғашқы кездесу өткен жылы тең аяқталған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, әлемге әйгілі боксшы Джордж Форман да Головкин "Канелодан" басым түскенін айтқан болатын.

"Төрешілер жекпе-жекті дұрыс бағалай алмайды. Головкинге ұпай саны бойынша жеңісті берсе, әділетті болатын еді. "Канело" оны баяулатып жіберді. Ол оны денесінен ұрып ұпай жинады. Әлбетте Геннадий дәл сондай жауап қайырды. Алайда оның бұл әрекеті — билетті сатып алған бағаға лайық болмады. Мен бұл билетті Головкиннің Канелоны қалай соққы астына алатынын көру үшін алдым. Бірақ бұл болмады", — деді аңыз боксшы.

 

 


3898
Кілт сөздер:
рематч, кәсіпқой бокс, Джейкобс, Геннадий Головкин, Сауль Альварес
Тақырып бойынша
"Головкин "Канелоға" керек". GGG промоутері үшінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
Головкин WBC рейтингінде бірінші орын алды
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты
Головкин Нурмагомедовтің жеңісінен кейін шаршы алаңға "шығып кетті"
"Уақытты бағалаймын". Головкин қолы қалт етсе не істейтінін айтты
Головкин бокстан қашан кететінін айтты
Иллюстративті фото

Қазақстанда туып-өскен аралас жекпе-жек шебері қарсыласын нокаутқа жіберді

1071
(Жаңартылды 12:09 11.10.2020)
Ілияс Хамзин Қазақстаннан ата-анасымен бірге Омбыға көшіп кеткен. Ол кикбоксингпен және тай боксымен айналысты, содан кейін аралас жекпе-жекке ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда туған Ілияс Хамзин Екатеринбургтегі аралас жекпе-жек турнирінде ресейлік Дмитрий Гавриловты мерзімінен бұрын жеңді.

Instagram-дағы MMA Fighters KZ аккаунты хабарлағандай, жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Official | MMA Fighters KZ 🇰🇿 (@mma_f1ghters_kz)

"Екатеринбургтегі турнирде Ілияс Хамзин қарсыласын нокаутқа түсірді. Мына соққыдан кейін Гаврилов есін жия алмады", - делінген жазбада.

Нәтижесінде Ілияс Хамзин алтыншы жеңісіне қол жеткізді, ол бір рет жеңілген.

Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

Ілияс Хамзин 32 жаста, ол Қазақстанда туған, содан кейін ата-анасымен Омбыға көшіп кетті. Ол кикбоксингпен және тай боксымен айналысты, бірақ ресейлік файтер Питер Янмен кездескеннен кейін ол аралас жекпе-жекке ауысты.  

1071
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, ММА
Тақырып бойынша
Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео
Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео
Макгрегор Серронені жойқын нокаутқа түсірді - видео
Жеңілмеген өзбек боксшысы нокаутшы Жүкембаевты жекпе-жекке шақырды
Жәнібек Әлімханұлы

Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

5957
(Жаңартылды 09:56 10.10.2020)
Бұл қазақ спортшысының кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі. Бұл жолы аргентиналық "Сиқыршымен" кездескен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық қарсыласын екінші раундта жойқын нокаутпен жеңді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Бұл қазақ спортшысының (8-0, 4 КО) кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі, төртінші рет титул үшін жұдырықтасып отыр, деп хабарлайды Sports.kz. 

Ол Лас-Вегастағы бокс кешінде "Сиқыршы" деген лақап атпен өнер көрсететін аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) кездесті. Әлімханұлының екі чемпиондық белбеуі ортаға салынды. Ол WBC және WBO чемпионы атағын сақтап, жеңіске жетті. 27 жастағы қазақстандық боксшы әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта сұлатты.

5957
Кілт сөздер:
бокс, видео, жекпе-жек, нокаут, Жәнібек Әлімханұлы
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды – толық видео
"Бұл – басы ғана": Әлімханұлы айшықты жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы: Альварес пен Джейкобсты жеңе алатынымды бәрі біледі
Әлімханұлы атақты Пакьяоның промоутерімен келісімшартқа қол қойды
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

80
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

80
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат