Спорт

Шүменовтің салмағында қос чемпион жекпе-жек өткізді: жойқын нокауттың видеосы

CC0 / / Бокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды. Усик Белльюді нокаутқа түсірді

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Манчестерде кәсіпқой бокс кеші өтіп, басты жекпе-жекте бірінші ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Александр Усик пен WBC  тұжырымы бойынша құрметті әлем чемпионы Тони Беллью жұдырықтасты.

Усик кездесудің сегізінші раундында қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша, украиналық боксшы WBC, WBO, IBF, WBA Super және The Ring белбеулерін қорғап қалды. Усик 16 жекпе-жектің бәрін жеңіспен аяқтады. Оның 12-сін уақытынан бұрын тәмамдады, деп жазды prosports.kz.

Назарларыңызға ауыр нокауттың видеосы мен жекпе-жектің толық нұсқасын ұсынамыз. 

Айта кетейік, алғашқы ауыр салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов те (18-2, 12 КО) жұдырықтасады – ол шілдеде WBA тұжырымы бойынна "тұрақты" чемпион атағын жеңіп алды. 


Жаңалықтар
0