Спорт

Бұрынғы әлем чемпионы: "Канело" енді ешқашан Головкинмен жұдырықтаспайды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал телекомментатор Оскар Де Ла Хойя "Канело" мен Головкиннің үшінші жекпе-жегін болдырмау үшін барлығын жасайтынын айтты

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, телекомментатор Рэй Манчини Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жектің боксшылар үшін қаржы жағынан және спорттық карьера тұрғысынан тиімді екенін айтып өтті. Десе де үшінші жекпе-жектің болуына күмәнмен қарайтынын жасырмады.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды
"Ол Головкинмен емес, Филдингпен жұдырықтасса, көбірек ақша табады дегенге сенесіз бе? Олар үшін (Головкин мен "Канело" үшін — Sputnik) қиын жекпе-жек болғаны сөзсіз. Десе де жанкүйерлер осындай жекпе-жектер болғанын қалайды. Мұны боксшылар да қалауы тиіс деп ойлаймын", — деді Манчини FightHype басылымына берген сұхбатында.

Әрі қарай ол Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегінің нәтижесі күмәнді екенін айтты. Сондай-ақ, Альварес бірден Головкинмен реванш өткізуге келісімін береді деп күткен екен.

"Олар кімнің мықты екенін анықтауға асығады деп ойлап жүрсек! "Канело" — тамаша боксшы. Ол жуық арада Головкинмен тағы бір кездесу өткізсе, ғажап болатын еді. Бірақ Оскар Де Ла Хойя бұған жол бермейді. Меніңше, "Канело" енді ешқашан Головкинмен жұдырықтаспайды. Оскар бұған келіспейді", — деді ол.

Тағы оқыңыз:

Естеріңізге сала кетсек, 15 желтоқсан күні қазіргі WBA және WBC белбеулерінің иесі Сауль Альварес бір дәреже жоғары көтеріліп, екінші орташа ауыр салмақтағы WBA Regular белбеуінің иесі Роки Филдингпен жекпе-жек өткізеді. Бұл салмақ дәрежесіндегі басты WBA белбеуі Каллум Смитке тиесілі.

Жаңалықтар
0