Спорт

20 жастағы қазақстандық чемпион мексикалықты нокаутқа жіберді – видео

© Photo : prosports.kzСадриддин Ахмедов
Садриддин Ахмедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жетті

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) кәсіби карьерасындағы бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Данияр Елеусінов, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов бесінші қарсыласын да нокаутқа түсірді – видео

Ол Римуски қаласындағы (Канада) Le Centre Financiere Sun Life ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешінде жұдырықтасты.

20 жастағы қазақстандықтың алты раундтық жекпе-жектегі қарсыласы мексикалық Хосе Франсиско Суньига (14-11-2, 5 КО) болды. Бұл жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Ахмедов екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Төмендегі видеода жекпе-жектің ең қызықты сәттерінің бірі көрініс тапқан. 

Осылайша, Садриддин бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жетті. Ал Суньига карьерасындағы 12-ші жеңілісіне ұшырады. Айта кетейік, Ахмедов тағы бір жекпе-жекті жоспарлап қойған – ол 14 желтоқсанда рингке қайтып оралады.

  

Естеріңізге салайық, бұған дейін 25 қарашаға қараған түні Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші қарсыласын нокаутқа түсіргенін жазған едік. 

 


Жаңалықтар
0