Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров

Қазақ боксшылары айшықты жеңістерден соң әлемдік рейтингте жоғарылады

671
(Жаңартылды 20:04 26.11.2018)
Канадада өткен бокс кеші аясында қос қазақстандық боксшы қарсыластарын нокаутпен жеңген

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Қазақстандық боксшылар Нұрзат Сабыров (8-0, 7 КО) пен Садриддин Ахмедов (5-0, 5 КО) Канаданың Римуски қаласында бокс кеші аясында рингке шыққан, деп жазады сообщает Sports.kz.

Сабыров тәжірибесі мол, жоғары нәтижелі мексикалық Рокки Монтойиді (32-3, 22 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Соның арқасында қазақстандық BoxRec.com сайтының рейтингісінде 21 орынға көтерілді – енді ол 104-ші болып тұр. Нұрзат өзінің отандасы – Жәнібек Әләмханұлынан (4-0, 1 КО) озып кеткен – ол 108-ші орында.

Сонымен бірге, BoxRec рейтингісінде Ахмедов те көтерілді, ол екінші раунда қарсыласы – мексикалық боксшы Хосе Франсиско Суньиганы нокаутқа түсірген: 20 жастағы қазақстандық 224-орыннан 187-орынға бір-ақ шықты.

671
Кілт сөздер:
рейтинг, жекпе-жек, кәсіпқой бокс, Садриддин Ахмедов, Нұрзат Сабыров
Тақырып бойынша
Тай боксшысы қарсыласы мен төрешіні бір уақытта нокдаунға жіберді – видео
Данияр Елеусінов: Мен үшін дұға етіңіздер
Қазақстандық спортшы сынған аяғымен әлем чемпионатының медалін жеңіп алды
Ақмолалық боксшы қыз әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жектен қанша ақша тапқаны белгілі болды

894
(Жаңартылды 11:26 26.10.2020)
Шавкат Рахмонов қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін қанша қаражат тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

Шетелдік БАҚ ақпараты бойынша, Рахмоновтың гонорары 37 500 долларды (16 125 000 теңге) құрады.

Шавкат октагонға шығар алдында 10 000 доллар алды, жеңіске жеткен кезде дәл осындай қаражат берілген. Оған 3 500 долларды – UFC-дің промоутерлік бонусын қосыңыз. Ал қалған 14 000 долларды қарсыласы Оливейра беруге мәжбүр болды. Себебі салмақ өлшеу кезінде оның салмақ дәрежесі тиісті талапқа сәйкес келмеген.

Ал қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейраның қорытынды гонорары 61 000 долларды (26 230 000 теңге) құрады. Бастапқыда ол 70 мың доллар алуы керек еді, алайда 14 мың долларды қазақстандық Рахмоновқа берді. Сондай-ақ, Алекс UFC-ден 5000 доллар көлемінде промоутерлік бонус алды.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, Абу-Дабидегі Яс аралында өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті.

894
Кілт сөздер:
спорт, аралас жекпе-жек
Тақырып бойынша
Қазақстан бюджетіне Google-салықтан қанша ақша түседі – министр жауабы
"Сәттілік серік болды": спорт ардагері жеті бірдей Олимпиадаға қалай барғанын айтты
Мәдиев Головкин – Мартиросян жекпе-жегі андекардынан қанша гонорар алғаны анықталды
Қарин Джеки Чанды шақыруға қанша қаражат кеткенін айтты
Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов

Кәрім Мәсімов Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады видео

710
(Жаңартылды 14:11 25.10.2020)
Хабиб пен Гэтжи кездесуіне Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы көрермен ретінде қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады. 

Нурмагомедов пен Гэтжидің кездесуі 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Кездесу екінші раундта Хабибтің жеңісімен аяқталды.

Жеңіске жеткен Нурмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды. Ол өзінің 29-шы жеңісті жекпе-жегін әкесіне арнайтынын айтып, кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, осы турнир аясында қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны мерзімінен бұрын жеңді. Бұл оның кәсіпқой спорттағы 13-ші жеңісі болды.  

710
Кілт сөздер:
Кәрім Мәсімов, Хабиб Нұрмагомедов
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Қазақстандық спортшы қарсыласын ерекше тәсілмен тұншықтырып жеңді – видео
Қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңді – видео
Қазақстан бірнеше миллиондық істі жеңді
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Вакцина, архивтегі фото

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа тарта адам көз жұмды

0
(Жаңартылды 10:33 29.10.2020)
Бірақ елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеп,  процедураны жалғастыруға бел буды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцинациядан кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды.

Бірақ үкімет осы процедураны жалғастыруға бел буып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінде науқастардың өлімін вакцинамен байланыстырмайды, деп хабарлады "Хабар 24".

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинациядан кейін қайтыс болғандардың барлығы, 17 жастағы пациенттен басқа, егде жастағы адамдар.

Денсаулық сақтау министрі оңтүстікореялықтарды екпеден қорықпауға шақырды және өзі осындай процедурадан өтті. Ол тек Кореяда жыл сайын үш мыңға жуық адам маусымдық тұмаудан қайтыс болатынын еске салды. Халық арасында вакцинацияға деген сенімсіздік осы айда тұмауға қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасы дұрыс сақталмау және пайдаланбау себептерін алып тастағаннан кейін туындады.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды 

Ел үкіметі ақысыз вакцинация бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасатынын айтты. Себебі маусымдық тұмау эпидемиясы COVID-19 бен күресті қиындатуы мүмкін. Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион Корея Республикасы азаматтарының 56%-іне екпе жасалды.

"Денсаулығы жақсы адамдарға ғана тұмауға қарсы екпе алуды ұсынамыз. Вакцинациядан кейін ауруханада 30 минут болу керек, адам өзін жақсы сезінген жағдайда кетуіне болады. Тұмау мен СOVID-19 эпидемиясының бірлесіп таралуы твиндемия деп аталады, сондықтан вакцинациялауды ұсынамыз. 70 жастан асқан және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар қауіпті топта. Вакцина алудан гөрі маска кию маңызды екенін баса айтқым келеді. Қолды мұқият жуып, дезинфекциялау керек. Жөтелген кезде аузыңызды қолмен жабыңыз", - дейді Тэгу қаласы алдын алу шаралары басқармасының басшысы Мин Пок Ки.

0
Кілт сөздер:
Оңтүстік Корея, вакцина
Тақырып бойынша
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында карантин күшейтіледі
Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды