ММА шебері, архивтегі фото

ММА файтері қарсыласын 8 секундта нокаутқа түсірді әсерлі видео

556
(Жаңартылды 09:52 11.12.2018)
Франциялық спортшы орнынан әрең тұрып, жекпе-жекті жалғастырмақшы болып еді, оған төреші рұқсат бермеді

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Македониялық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Ален Амедовски Bellator 221 турнирінде француз Ибрагим Манені 8 секундта нокаутқа түсірді. 

Жекпе-жектің видеосы Facebook-те жарияланды.

Македониялық спортшы ә дегеннен-ақ қарсыласын ауыр соққылардың астына алды. Француз орнынан әрең тұрып, әрі қарай жалғастыруға ниет білдірді, алайда төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады.

Аралас жекпе-жек турнирі Италияның Генуа қаласында өтті. Бұл македониялықтың жетінші жеңісі екені хабарланды. 


556
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, нокаут, видео, Италия
Тақырып бойынша
ММА файтері рингте жеңісін тойлап жатқанда күтпеген оқиға болды – видео
Қарсыласын "ұйықтатты": Қазақстан ММА-ден әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды
Бокстан құрама жаттығу

Қазақстандық боксшы мексикалықты бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді видео

3285
(Жаңартылды 13:02 21.11.2020)
Серік Мұсәділов пен Даниэль Нахераның жоспарланған алты раундтық жекпе-жегі 43 секундтан кейін аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. "Панда" лақап атымен танылған жеңілмеген қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов мексикалық қарсыласы Даниэль Нахераны 43 секунд ішінде нокаутқа түсірді.

Бокс кеші АҚШ-тың Флорида штаты Хайалиа қаласында өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы мексикалық Даниэль Нахерамен (9-5-1, 4 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, алайда 43 секундта Мұсәділовтің жеңісімен аяқталды. Нокаутқа түскен мексикалыққа есін жию үшін орындық қажет болды.

Осылайша Серік Мұсәділов өзінің сегізінші жеңісіне қол жеткізді – бүкіл жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Ал Даниэль Нахера кәсіпқой рингте алтыншы рет жеңілді.

3285
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек, боксшы
Тақырып бойынша
Қазақстанда туып-өскен аралас жекпе-жек шебері қарсыласын нокаутқа жіберді
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды
Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео
Геннадий Головкин

Головкин Шеремета жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

52
(Жаңартылды 12:44 20.11.2020)
Жекпе-жек 18 желтоқсан күні АҚШ-тың Сан-Антониода штатындағы  Alamodome залында өтеді жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Қазақстандық танымал боксшының промоутері Эдди Хирн IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин мен Камил Шеремета жекпе-жек өткізетін күнді жариялады.

Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда АҚШ-та Сан-Антониода Alamodome залында поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Эдди Хирн мұндай ақпаратты БАҚ өкілдеріне растап, жақын күндері жекпе-жек ресми түрде жариялануы мүмкін екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: "Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді

Айта кетейік, бастапқыда Головкин-Шеремет жекпе-жегі 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған болатын. Алайда алдымен Геннадийдің жарақатына, кейіннен COVID-19 пандемиясына байланысты кездесу бірнеше рет кейінге шегерілді.

Ал бұған дейін DAZN стримингтік қызметі тек GGG-мен қаржылық шарттар туралы келісуі керек деп хабарлаған.

52
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, спорт, кәсіпқой бокс
Тақырып бойынша
"Майк Тайсон деп айқайлады": боксшы жекпе-жек кезінде қарсыласын тістеп алды
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео
Алматы, архивтегі фото

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

0
Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазақстан аумағында осы жылдың 23 қарашасында басталған "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы 30 қараша айына дейін жалғасады. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. 

Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады.

"Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция жасақтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді", - дейді ол.

Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзатын келімсектерді анықтау үшін құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары тексеріледі. Арнайы есепте тұратын адамдар мен азаматтық қару иелері де полицияның назарынан тыс қалмайды.

"Ал жедел басқарма қызметкерлері пәтер тонау, көлік ұрлығы сияқты қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтар мен із-түзсіз жоғалған адамдарды және бұрын қылмыс жасап іздеу жарияланған адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады", – деп түйіндеді Саттаров.

Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Айта кетейік, кең көлемде ұйымдастырылып отырған аталған іс-шара қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

0
Кілт сөздер:
полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Жалған 900 мың долларды сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталды
Алматылық ағайындылар қылмысы әшкере болды
Дәретханада қыздарға порно көрсеткен ер адам 10 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда әйелдерге шабуыл жасаған шетелдік ұсталды