Илья Ильин

"Әдемі аяқтағым келеді": Илья Ильин карьерасы туралы бар шындықты айтты

346
(Жаңартылды 14:23 07.12.2018)
Спортшы спорттық карьерасын Олимпиада-2020 алтын жүлдесімен аяқтауды армандайды

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Instagram желісінде жан сырымен бөлісті.

"Жасым 30-ға келсе де, әлі спортзалдамын... Иә, шаршадым. Иә, қанша қиын болса да, спорттық жолымды Токиодағы алтынмен аяқтағым келеді! Бір кезде алдыма мақсат қойған едім, әлі де соған талпынып келемін. (...) Шаршадым, аяқтағым келеді, бірақ әдемі аяқтауды армандаймын! Ал егер сәті түспесе, бәрібір спорттық жолымда бақытты болдым деп санаймын!" – деп жазды Ильин.

Атап өтсек, ауыр атлет әлеуметтік желіде жиі пост жариялап тұрады. Жақында анасын туған күнімен құттықтады.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық Илья Ильин допинг дауынан кейін Бейжің-2008 және Лондон-2012 алтын медальдерінен айырылды. Спортшы дисквалификация алса да, жаттығуын тоқтатқан жоқ. Олимпиада жүлделерінен айырылғанына қарамастан зілтеміршінің жанкүйерлері одан теріс айналмады, ол халықтың сүйіктісі болып қала береді.

Биыл маусым айында Ильиннің дисквалификация мерзімі аяқталып, алғаш рет жарысқа қатысты. Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жеңісі туралы .

Бұдан бұрын Ильин болып, спорттық карьерасының қалай өрбитіні сәуір айында белгілі болатынын айтты.

346
Кілт сөздер:
зілтемірші, ауыр атлетика, алтын жүлде, олимпиада, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Илья Ильин: Денисті әлі жоқтап жүрмін
Илья Ильин спорттық формасын аукционға қояды
Илья Ильиннің карьерасына қауіп төнді: ол әлем чемпионатына қатыспайды
Алексей Ни бәрін қайта бастаған Илья Ильин жайлы пікірін білдірді
Илья Ильин жаттығуда қанша келі көтеріп жүргенін айтты
Илья Ильин Назарбаевпен болған әңгіме туралы айтты
Илья Ильин пәтер мен сыйақыны мемлекетке қайтарып беруге дайын
Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиадаға қатыса ма?
Елдос Сметов түрік Мирхадж Аккушты жеңді

Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

25
Қазақстандық дзюдошы түрік палуаны Мирхадж Аккуш пен Корея спортшысы Ким Вон Джинді жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Татамиге бірінші болып шыққан Отгонцэцэг Галбадрах қытайлық Янань Лиден иппонмен ұтылды. Ал Елдос Сметов түрік палуаны Мирхадж Аккуштан басым түсті. Қазақстандық дзюдошы өз қарсыласын иппонмен жеңді.

Осыдан кейін Сметов Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Вон Джинді жеңіп, жартылай финалға шықты. Оның келесі қарсыласы – жапондық Наохиса Такато.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына алты қазақстандық дзюдошы аттанды. Олар: Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах.

Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, кейбір салмақтарда жеребе ауыр түсті. Әсіресе команда көшбасшысы Елдос Сметовтың тобы мықты. Оған Жапония мен Грузияның мықты балуандарына қарсы шығуға тура келеді.

2016 жылы Рио Олимпиадасында Елдос Сметов күміс жүлдені иеленген болатын. Ал Отгонцэцэг Галбадрах "қола" ұтып алған.

25
Кілт сөздер:
дзюдо, Елдос Сметов
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Серік Теміржанов

Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады

270
Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов венгриялық Ролан Галосқа қарсы шықты. Жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0. Оған қоса, венгриялық боксшы екі рет нокдаун алып қалды. Серік Теміржановтың келесі қарсыласы – америкалық Дьюк Раган.

Айта кетейік, Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).

270
Кілт сөздер:
боксшы, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы