Спорт

"Алдымда үлкен сынақ тұр". "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегі туралы айтты

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БАҚ-та "Канело" мен GGG алдағы жылы көктемде үшінші рет жұдырықтасады деген сыбыс тараған болатын

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Орташа салмақ дәрежесінде WBA (Super) және WBC бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес алдағы жылдың көктемінде үшінші жекпе-жек өткізу туралы Геннадий Головкиннің өкілдерімен сөйлескенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин спорттық карьерасын қашан аяқтайды: бапкері пікір білдірді

15 желтоқсанда мексикалық рингке қайта оралып, Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" шаршы алаңында екінші орташа салмақ дәрежесінде WBA чемпионы ұлыбританиялық Рокки Филдингпен жұдырықтасады.

"Жоқ, Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы ешқандай келіссөз болған емес. Мұның бәрі қауесет. Өз басым бұл туралы ешкіммен сөйлескен жоқпын. Келешегіме құрметпен қараймын, 15 желтоқсанда мен үшін үлкен сынақ тұр. Содан өткен соң демалыс аламын, кейін мамыр айына жоспар құрамыз. Әзірге мұның бәрі – жай ғана сыбыс", — деп жауап берді "Канело" ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, GGG мен "Канелоның" бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйек айында өтіп, жеңімпаз анықталмады. Ал рематч бір жылдан кейін болып, төрешілердің көпшілігі жеңісті Альвареске берді.

Жаңалықтар
0