Спорт

"Бес жылда алғаш рет". Головкин антирекорд орнатты

© AFP 2024 / Frederic J. BrownГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылдың қорытындысы бойынша Головкин өз антирекордын орнатты

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Ұлыбританияның Worldboxingnews.net сайты 2018 жылдың қорытындысы бойынша сыйлықтарға үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Бұрынғы Головкин емес". Шетелдік тілші боксшының карьерасы туралы болжам айтты

"Жыл боксшысы" номинациясына украин Василий Ломаченко мен мексикалық боксшы Сауль Альварес ұсынылған. Олардың қатарына Александр Усик, Майки Гарсия, Тайсон Фьюри, Деонтей Уайлдер, Теренс Кроуфорд, Наоя Иноуэ, Мэнни Пакьяо және тағы басқа былғары қолғап шеберлері қосылуы мүмкін.

Үміткерлердің толық тізімі 31 желтоқсаннан кейін жарияланып, дауыс беру 2 қаңтардан 18 қаңтарға дейін созылады.

Былтыр Геннадий Головкин өз карьерасында төртінші рет WBN бойынша "Жыл боксшысы" атағын жеңіп алған болатын, алайда биыл 2013 жылдан бері бірінші рет бұл номинациядан шет қалып отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, биыл GGG екі рет кәсіби рингке шықты, мамырда Ванес Мартиросянды нокаутқа түсірсе, қыркүйекте төрешілердің шешімі бойынша "Канелодан" ұтылып қалды.

Жаңалықтар
0