Спорт

"Канелоның" промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жекке қатысты жағымсыз жаңалық айтты

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі 4 мамырда Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Golden Boy промоутердік компаниясының президенті Эрик Гомес орташа салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші рет жекпе-жекке шыққысы келетініне күмән келтірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек: "Канелоның" басты қорқынышы анықталды

Бұдан бұрын GBP басшысы Оскар де ла Хойя Гомеске Головкиннің өкілдерімен үшінші кездесуге қатысты келіссөздерді бастауды тапсырған болатын. Компания президентінің сөзіне қарағанда келіссөздердің бірінші кезеңі сәтті болмаған сыңайлы.

"Головкин "Канеломен" қайта жұдырықтасқысы келмейтін сияқты. Бұрынғыдай жеңіл кездесулерді қалайды. Уақыт көрсетеді, достар", — деп жазыпты Эрик твиттерде.

Өткен демалыста Де ла Хойя үшінші кездесудің күні мен болатын жерін атады – 4 мамыр күні Лас-Вегаста. 

Естеріңізге сала кетсек, алдыңғы екі жекпе-жек те осы қалада өткен болатын. "Канело"— GGG алғашқы кездесуі тең аяқталып, дау тудырса, екінші жолы төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіп кетті.

Жаңалықтар
0