Спорт

Қазақстанның футбол құрамасы Молдова командасын жеңді

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЕУРО-2020 іріктеу кезеңіне дайындық аясында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанның футбол құрамасы Молдова командасын 1:0 есебімен жеңді. Жолдастық кездесу ЕУРО-2020 іріктеу кезеңіне дайындық аясында өткен.

Қазақстанның зағип футболшылары қалай жаттығады - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Қазақстанның зағип футболшылары қалай жаттығады - видео

Матч 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды "Шахтер" клубының шабуылшысы Оралхан Өміртаев соқты.

Қазақстан құрамасы бас бапкері Михал Билекпен бірге ЕУРО-2020 чемпионатына дайындықты жалғастырып жатыр. Бұл матчты өткізу туралы келісім биыл қаңтарда жасалған. Бірақ ойын Халықаралық футбол қауымдастығының ресми күнтізбесіне енген жоқ, сол себепті клубтардың ойыншыларын құрамаға жібермеуіне мүмкіндігі болды.

ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі аясында 21 наурызда Қазақстан өз алаңында Шотландия командасымен ойнайды, ал үш күннен соң – Ресеймен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Қазақстандық қыз футболдан әлем чемпионына күйеуге шықты

Жаңалықтар
0