Спорт

Сыртқы істер министрлігі шетелде ұсталған Полторанин туралы: қайда жүргенін білмейміз

© AP Photo / Karl-Josef HildenbrandАлексей Полторанин
Алексей Полторанин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгілі қазақстандық спортшы Австриядағы шаңғы жарысы кезінде ұсталған

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандық спортшы Алексей Полтораниннің консулдармен кездесуден бас тартып, Мәскеуге ұшып кеткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Казахстанский лыжник Алексей Полторанин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Полторанин Қазақстанның консулдарымен байланыста болудан бас тартты

Ресми өкілдің сөзіне жүгінсек, отандасымыз Қазақстанның Австриядағы дипломаттарымен сөйлесуден бас тартқан.

"Соған қарамастан біздің консул шаңғышы қамауға алынған қалаға барды. Қазір оның қайда жүргенін білмейміз. Консул спортшының құқығы бұзылмағанын айтты. Ол Мюнхеннен ұшаққа отырып, Мәскеуге ұшып кетіпті. Әрі қарай қайда кеткенін білмейміз. Қолда бар мәліметке сүйенсек, оны Австрия полициясы ұстаған", - деді Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Сыртқы саясат ведомствосының өкілі айтқандай, қазақстандық консулдар Полторанинмен байланысқа шыққысы келген. Бірақ одан еш нәтиже болмаған.

"Мюнхендегі консул қонақүйге барып, Алексей Полторанинді күтті. Бірақ ол кездесуден бас тартты. Консул спортшыны Мюнхен әуежайына дейін шығарып салды. Мәскеуде ешкім күтіп алмаған. Бұл мәселе енді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің құзыретіне жатпайды", - деп Смадияров сөзін түйіндеді.

Мұхамедиұлы Полтораниннің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Айта кетсек, осыған дейін Австрияда өтіп жатқан шаңғы жарысында 9 адам допинг пайдаланды деген күдікке ілінген, оның арасында қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де бар екені мәлім болды.

Рейдті Германия мен Австрия полициясы жүргізіпті. Оның мақсаты - халықаралық допингтік желіні анықтау. Тексеріс барысында ұсталғандардың бесеуі спортшы: төртеуі - Австрия мен Эстониядан, біреуі - қазақстандық шаңғышы.

Полторанин Еуропадағы жарыста алтын жүлдегер атанды

Жаңалықтар
0