Спорт

Руслан Мадиев: Головкинді ағамдай көрдім, оның істеп жатқаны мынау

© Photo : Kokeshi75Боксерские перчатки
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин GGG Promotions-пен келісімшартым жоқ деген қағаз беру үшін Мадиевтен 100 мың доллар сұраған   

АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиев (12-1, 5КО) Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Геннадий Головкинге өкпелі екенін айтты.

Руслан қазір Қарағандыда жаттығып жүр. Айтуынша, дәл қазір АҚШ-та жұдырықтасуға құқы жоқ. Өйткені промоутерлер GGG Promotions компаниясымен келісімшартым жоқ деген қағаз талап етіп жатқан көрінеді.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкинге жақсы жаңалық жетті
"Америкада барлық промоутер соттан қорқады. Сондықтан олар тәуекелге барғысы келмейді. Оларға менің GGG Promotions-пен келісімшартым жоқ деген қағаз керек. Бірақ Геннадий маған бұл қағазды 100 мың доллар төлесем ғана беретінін айтты. Бұл мен үшін түсініксіз жағдай. Себебі бес жыл тегін жұмыс істедім десем де болады. Қазір бір тиын да бермеймін. Головкиннен мұндайды күтпедім", - дейді ол.

Руслан Мадиев Golden Boy Promotions ұйымдастырған соңғы бокс кешінен GGG Promotions компаниясы көк тиын төлемегенін айтады. "Енді олар менен тағы ақша сұрап жатыр деп" қынжылды ол.

"Big Bear-ге мен алғаш рет бес жыл бұрын келдім. Мені Геннадий шақырған болатын. Жай ғана жаттығу ойымен барғанмын. Сосын мен кәсіби жекпе-жектерге шығара бастады, бірнеше кездесуден кейін чемпиондық белбеуге таласамын деп ойладым. Бірақ қателестім. Бес жыл өтті, бірақ чемпиондық кездесу бермеді. Қарсыластарым мықты болғанымен бұл жай ғана рейтінгілік кездесулер болды. Бұған қоса маған бапкерім ұнамады. Қазір қызығушылық танытып жатқан бір-екі промоутер бар, бірақ олар қағазды талап етуде", - дейді боксшы.

Геннадий Головкин баспасөз конференциясы кезінде - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Қатты тисе де айтайын..." Головкин Қазақстан жайлы шындықты жайып салды
Руслан келісімге қол қойған кезде қасында заңгер болмағанын, тіпті ауызша да келісім жасамағанын айтады.  

"Басында Головкин "сенікі дұрыс, боксшы ретінде өскің келсе, саған басқа бапкер керек" деген. Не болса да, дос болып қаламыз деді. Артынша маған "100 мыңдық" есепшотты көрсетті. Бұл қағазда оның маған еш наразылығы жоқ екені туралы айтылған", - дейді ол.

 Бұл қағазда "біз Русланға керемет жаттығу лагерін ұсындық, билеттер, дәрі-дәрмектер сатып бердік" деп жазылыпты.

"Бұған дейін берген сұхбатымнан кейін олар менімен хабарласатын шығар деп ойладым. Бірақ маған ешкім хабарласпады. Макс пен Генаны ағам ретінде көрдім, олардың істеп жатқаны мынау... Менің карьерамды құртып жатыр десем де болады", - деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0