Спорт

Қазақ жігіті әйгілі орыс шахматшысы Карякинді ұтып, айды аспанға шығарды

© Пресс-служба Казахстанской федерации шахматРинат Жұмабаев
Ринат Жұмабаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ринат Жұмабаевтың жеңісіне қарамастан, ерлер құрамасы ресейліктерден 1:3 есебімен ұтылып қалды

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Гроссмейстер Ринат Жұмабаев 2016 жылғы әлемнің вице-чемпионы Сергей Карякинді ұтты.

Диас Исабаев - Sputnik Қазақстан
Спорт
Төзімділік, шығармашылық және логика: шахмат ойыны қандай қасиеттерді дамытады?

Қос шахматшы командалық әлем чемпионатының бесінші  жарыс күні кездескен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап.

"Өте қиын партия болды. Бірақ әу бастан басымдықты өз қолыма алдым. Қарсыласым әдеттегідей керемет ойын өрнегін көрсетті", - дейді мерейі үстем болған Ринат Жұмабаев.

Сергей Карякин, оның айтуынша, бес сағаттан артық қорғаныста ойнап, қысымға шыдамай, қателік жіберген.

Федерация атап өткендей, Сергей Карякин "асқан шеберлік" танытты, бірақ қазақстандық басым болды.

Бірақ отандасымыздың жеңісіне қарамастан, еліміздің ерлер құрамасы ресейліктерден 1:3 есебімен ұтылып қалыпты.

Динара Садуакасова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Шахмат ханшайымы Динара Сәдуақасова әлемнің ең мықты 30 әйелінің қатарына енді

Ал әйелдер құрамасы Украина командасымен кездесіп, тең түскен.

Бесінші турдан кейін турнир кестесіндегі бірінші орында Ресей тұр, одан кейін Үндістан мен Англия келе жатыр. Қазақстан құрамасы жетінші орынға табан тіреді.

Шахматтан командалық әлем чемпионаты Астанада наурыздың 4-і мен 14-і аралығында өтіп жатыр. Жарыста 14 елден келген он ерлер және он әйелдер құрамасы бақ сынасуда.

Жаңалықтар
0