Штанга, тяжелая атлетика

Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартып, чемпион болды

1131
Ол жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні көтерді

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық зілтемірші жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев әлем рекордын жаңартып, чемпиондық атаққа ие болды.

"Ол жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні көтерді. Бұл оған өз қатарластары арасында әлем чемпионы атануға мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қазақстандық зілтемірші серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды. Ол серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты. Бұл Қазақстан спортшыларының әлемдік сындағы екінші алтын медалі.

Айта кетейік, кеше 61 келіге дейінгі салмақта Ақмолда Сайрамкез топ жарды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасын белгілі ауыр атлет Бақыт Ахметов жаттықтырады.

 

1131
Кілт сөздер:
АҚШ, рекорд, зілтемірші
Тақырып бойынша
26 миллион лайк: жұмыртқаның суреті Instagram рекордын жаңартты
Ақтөбеліктер Гиннес рекордын орнатты
Қазақ жігіті рекорд орнату үшін үш тәулік ұйықтамады
Қазақстандық "калькулятор қыз" әлемдік рекорд орнатты
Қазақстандық алып күш иесі бірнеше әлемдік рекорд орнатқысы келеді - видео
Елдос Сметов түрік Мирхадж Аккушты жеңді

Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

25
Қазақстандық дзюдошы түрік палуаны Мирхадж Аккуш пен Корея спортшысы Ким Вон Джинді жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Татамиге бірінші болып шыққан Отгонцэцэг Галбадрах қытайлық Янань Лиден иппонмен ұтылды. Ал Елдос Сметов түрік палуаны Мирхадж Аккуштан басым түсті. Қазақстандық дзюдошы өз қарсыласын иппонмен жеңді.

Осыдан кейін Сметов Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Вон Джинді жеңіп, жартылай финалға шықты. Оның келесі қарсыласы – жапондық Наохиса Такато.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына алты қазақстандық дзюдошы аттанды. Олар: Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах.

Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, кейбір салмақтарда жеребе ауыр түсті. Әсіресе команда көшбасшысы Елдос Сметовтың тобы мықты. Оған Жапония мен Грузияның мықты балуандарына қарсы шығуға тура келеді.

2016 жылы Рио Олимпиадасында Елдос Сметов күміс жүлдені иеленген болатын. Ал Отгонцэцэг Галбадрах "қола" ұтып алған.

25
Кілт сөздер:
дзюдо, Елдос Сметов
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Серік Теміржанов

Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады

266
Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов венгриялық Ролан Галосқа қарсы шықты. Жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0. Оған қоса, венгриялық боксшы екі рет нокдаун алып қалды. Серік Теміржановтың келесі қарсыласы – америкалық Дьюк Раган.

Айта кетейік, Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).

266
Кілт сөздер:
боксшы, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы