Спорт

Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды

© AP Photo / John LocherКонор Макгрегор
Конор Макгрегор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Макгрегор ер адамның суретке түсіріп алмақ болғанын байқап, тәртіп бұзған

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы UFC чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегор Флорида штатындағы Майами-Бичте қарақшылық жасап, шығын келтірді деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды жергілікті полиция.

​Полиция мәліметіне сүйенсек, Макгрегор дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 17.56 кезінде ұсталған. Спортшы қонақүйден шығып бара жатқанда, жәбірленуші оны ұялы телефонға түсіріп алмақ болады. ММА файтері ер адамның қолынан телефонды ұрып түсіріп, таптап, сындырып тастапты.

Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Хабиб: Макгрегордың бапкері мұсылман мақұлықсың деп айқайлады

Макгрегордың жүрісін аумай салатын қазақ баласы желіні шулатты - видео

Содан соң Макгрегор телефонды алып, кетіп қалған. Ал жәбірленушінің айтуынша, ұялы байланыс құралы мың доллар тұрады екен.

Еске сала кетсек, аралас жекпе-жек шебері, ирландиялық Конор Макгрегор былтыр 6 қазанда UFC чемпиондық титулы үшін кездесуде ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалды. Сонымен, Макгрегордың қоржынында 21 жеңіс және төрт жеңіліс бар.

Головкинге Макгрегор немесе Нурмагомедовпен күш сынасуға ұсыныс айтылды

Жаңалықтар
0