Спорт

Қарсыласын мазақ етіп тұрған боксшы жойқын нокаутқа түсіп қалды – видео  

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британиялық боксшы ұпай санымен жеңуге титтей де мүмкіндігі болмаса да, чемпион атанды

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Сабри Седири мен Сэм Максвелл бос тұрған WBO чемпионы титулы үшін жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы боксшылардың жекпе-жегінде күтпеген оқиға болды. Осы сәттің видеосын BT Sport  Twitter-аккаунтында жариялады.

Седири ұпай санымен ұтып тұрған, алайда жекпе-жектің соңына жарты минут қалғанда ол бокстасуды қойып, қарсыласын келемеждей бастайды.

Седири осы әрекеті үшін сазайын тартты. Жекпе-жектің аяқталуына 10 секунд қалғанда ол Максвелдің жойқын соққысын өткізіп алып, ауыр нокаутқа түсіп қалды. 

​Осылайша британиялық боксшы ұпай санымен жеңіске жетуге титтей де мүмкіндігі болмаса да, чемпион атанды.

Жаңалықтар
0