Геннадий Головкин

"Артаевқа жол берген..." Геннадий Головкин туралы қызықты деректер

3133
(Жаңартылды 19:37 08.04.2019)
Бүгін "Бокстағы аңыз адам", қазақстандық спортшы Геннадий Головкин 37 жасқа толды

АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Атаулы күні Геннадий Головкиннің өмірі мен жекпе-жектері туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

Геннадий Головкин 1982  жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келді. Әкесі - Геннадий Иванович кенші болған. Анасы - Елизавета Сергеевна химиялық зертханада лаборант болып жұмыс істеген. 

Геннадий - егіздің сыңары, Максим екеуі үйдің кенжесі. 1990 жылы Вадим, ал 1994 жылы Сергей есімді ағалары әскерде қайтыс болған. Олардың қазасының себебі әлі күнге белгісіз.

Ағаларының қазасынан соң, Гена бокспен айналысуға бел буған. Ата-анасы егіздерді бокс үйірмесіне береді. Ал Головкин бала кезінде баскетбол мен футболды жақсы көргенін айтады.

"Егер біреу бір нәрсеңді тартып алғысы келсе, оған қарымта қайтарудан ешқашан қорықпа!". Ағаларының осы өсиет сөзін Гена өз сұхбаттарында жиі қайталайды.

Геннадий 90-шы жылдардың басында ең қауіпті аудан болған Қарағандыға қарасты Майқұдықта дүниеге келді. Спортшы балалық шағын: "Біздің бала кезімізде төбелес деген әр күннің бір бөлігі секілді қалыпты жағдай болатын" деп еске алады.

Кішкентай Генаның сүйікті үй жануары - неміс овчаркасы Грей болған.

Генаның егізі Максим де жастар арасындағы бокстан чемпион атанды. Тіпті, Афинадағы Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндігі болыпты. Бірақ ол одан бас тартқан. Себебі рингте Генаға қарсы шыққысы келмеді.

Геннадий  Қарағандыдағы №65 орта мектепте оқыған. Ол биология мен медицинаға ерекше көңіл бөлген сыныпта білім алды.

Головкин кәсіби бокста 40 рет жұдырық түйістіріп, оның 38-нде жеңіске жеткен, 34 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді. Өзі ешқашан нокаутқа түсіп көрмеді.

Афина Олимпиадасында Головкин 69 келі салмақта өнер көрсетуі тиіс болатын. Бірақ одан ауыр салмаққа өтіп, өз жолын орта салмақтағы Бақтияр Артаевқа берген. Осындай ұтымды шешімнің арқасында Артаев Олимпиада чемпионы атанды. Ал Головкин шешуші кезеңде ресейлік боксшыдан жеңілді. Алайда көрермен бұл нәтижемен келіспей, арты дауға ұласты.

Әділетсіздікке шыдамаған Головкин 2005 жылы кәсіби боксқа кетті. Ол әуесқой бокста соңғы рет әлем чемпионатында мысырлық Мохаммед Хикаламен жұдырық түйістірген еді. Сол кезде Головкинге мысырлық тараптың өзі "Қазылардың шешімі бізді де таң қалдырды" деп басу айтты.

Тағы оқыңыз: Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты

Кәсіби боксқа кетуінің тағы бір себебін Головкин қолдаудың болмауымен түсіндірген. "Командамдағы бірде-бір адам қарсылық білдірмеді. "Әділетсіз ғой" деп айтпады. Сол кездері Universum бірнеше ай бойы ұсыныс жасап жүрген болатын. Ақыры, олармен келісімшарт жасаймын деп шештім. Өзімнің кәсіби боксқа кететінімді айтып, бір күнде бәрімен қош айтыстым", - деді Головкин.

Кәсіби бокстағы Головкиннің тұңғыш қарсыласы өте тәжірибелі боксшы, 41 жастағы венгр Габор Болаг болды. Оны Гена нокаутпен ойсырата жеңді. Габор жарты жыл бойы емделіп, есін әрең жинаған.

Головкиннің нокаутынан көп уақыт емделген екі боксшы бар. Бірі - аргентиналық Хорхе Ариэль Гарсия, екіншісі - ресейлік Михаил Макаров. Гарсияны біздің спортшы 2006 жылы қазанда нокаутқа түсірді. Бұдан кейін ол 2011 жылдың қарашасында ғана рингке көтерілген. Ал Макаров Ресей боксында жарқырап жанып келе жатқан жұлдыз болатын. Шаршы алаңда 10 кездесу өткізіп, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Оны Гена екінші раундта-ақ сұлатқан. Ол үш жарым жыл бойы спортта төбе көрсете алмады. 

2010 жылы Геннадий келісімшарт жасасқан Universum неміс промоутерлік компаниясын сотқа беріп, АҚШ-қа көшіп кетеді. Сотта боксшы жеңіске жетті.

Қазіргі жаттықтырушысы Абель Санческе дейін Головкин екі ай Фредди Роучтың залында жаттығады.

2007 жылы Санчес өзінің гаражынан спортзал жасайды.  Ол қазіргі Big Bear енетін үлкен спорттық кешенге айналады.

2013 жылы Головкин 7 ай бойы осы Big Bear кешенінен шықпай жаттықты. Кешен тауға жақын жерде орналасқан, жаттығу үшін аса ыңғайлы.

Big Bear кешенінде Головкин Сауль Альварес және Сергей Ковалевпен спарринг өткізіп, екеуін де жеңді.

2014 жылы Головкин Бродвейде "Рокки" мюзикліне түсті.

72 жастағы америкалық жазушы Томас Хаусер бокс туралы "Әрдайым қорған" (Protect yourself at all times) деген кітабында Головкинге де тоқталады. Туындыда Эррол Спенс, Кит Турман, Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Майки Гарсия, Энтони Джошуа, Мигель Котто сынды бокшылардың есімі кездеседі. 

Головкиннің екінші сүйікті спорты - футбол. Бала кезінде ол боксшы, футболшы немесе өрт сөндіруші болуды армандаған. Балалар командасында Головкин үнемі шабылдаушы болып, гол соққан. Ол "Шахтер" стадионындағы футбол үйірмесіне де қатысқан.  

Головкиннің ең сүйікті командасы - "Реал", ал ұнататын футболшысы - Криштиану Роналду.

Геннадийдің Twitter-де - 179 мың, Facebook-те - 212 мың және Instagram-да - 650 мың оқырманы бар. 

2014 жылы Головкин GGG тауар белгісін паттенттеп алды.

Христиан (православ) дінін ұстанады.

Ол аптасына кем дегенде үш рет жаттығады. Оның алғашқы жаттығуы таңғы жетіден басталады. 

Головкин арнайы диета сақтамайды. Бірақ қант, май және газды сусын мүлдем ішпейді. Спортшының өзі ет пен балықты жақсы көретінін айтады. Күніне 4 рет тамақтанады.

Геннадийдің әйелі Алина Головкинаның екі жоғары білімі бар. Екі шет тілін меңгерген. Бірақ ол карьера емес, отбасын бірінші орынға қояды.  Геннадий 2007 жылдың 7 шілдесінде отау көтерді.

2009 жылы ұлы Вадим дүниеге келді. Оның есімін спортшы марқұм ағасының құрметіне қойған.

2017 жылы 16 қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альвареспен рингке шығып, 12 раунд өткізді. Кездесу тең есеппен аяқталды.

2018 жылы ақпанда Головкин "Бокстағы аңыз адам" сыйлығының иегері атанды.

Тағы оқыңыз: Головкин карьерасын аяқтай ма - қызықты мәлімдеме

2018 жылдың 6 маусымында The Ring атақты журналы pound-for-pound нұсқасы бойынша чемпион белдігін Головкинге табыстады.

2018 жылдың 15 қыркүйегінде Головкин Альвареспен қарымта жекпе-жекке шығып, барлық титулынан айырылды. Мексикалық ұпаймен жеңіп кетті. Бұл - Головкиннің кәсіпқой бокстағы ең алғашқы жеңілісі.

3133
Кілт сөздер:
туған күн, Бақтияр Артаев, қызықты деректер, кәсіпқой бокс, GGG, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Головкин – "Канело" бокс кеші үлкен шығынға ұшырады
Головкинге барлық белбеуді қайтаратыны рас па - бокс федерациясының жауабы
Astana Arlans бокс клубы жабылады: неге?
"Олар шешпейді". Головкиннің бапкері бүкіләлемдік бокс ұйымына ашуланды
Канададағы бокс кешінде рингке шыққан Сабыров пен Жүкембаев айшықты жеңіске жетті
Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жектен қанша ақша тапқаны белгілі болды

914
(Жаңартылды 11:26 26.10.2020)
Шавкат Рахмонов қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін қанша қаражат тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

Шетелдік БАҚ ақпараты бойынша, Рахмоновтың гонорары 37 500 долларды (16 125 000 теңге) құрады.

Шавкат октагонға шығар алдында 10 000 доллар алды, жеңіске жеткен кезде дәл осындай қаражат берілген. Оған 3 500 долларды – UFC-дің промоутерлік бонусын қосыңыз. Ал қалған 14 000 долларды қарсыласы Оливейра беруге мәжбүр болды. Себебі салмақ өлшеу кезінде оның салмақ дәрежесі тиісті талапқа сәйкес келмеген.

Ал қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейраның қорытынды гонорары 61 000 долларды (26 230 000 теңге) құрады. Бастапқыда ол 70 мың доллар алуы керек еді, алайда 14 мың долларды қазақстандық Рахмоновқа берді. Сондай-ақ, Алекс UFC-ден 5000 доллар көлемінде промоутерлік бонус алды.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, Абу-Дабидегі Яс аралында өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті.

914
Кілт сөздер:
спорт, аралас жекпе-жек
Тақырып бойынша
Қазақстан бюджетіне Google-салықтан қанша ақша түседі – министр жауабы
"Сәттілік серік болды": спорт ардагері жеті бірдей Олимпиадаға қалай барғанын айтты
Мәдиев Головкин – Мартиросян жекпе-жегі андекардынан қанша гонорар алғаны анықталды
Қарин Джеки Чанды шақыруға қанша қаражат кеткенін айтты
Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов

Кәрім Мәсімов Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады видео

712
(Жаңартылды 14:11 25.10.2020)
Хабиб пен Гэтжи кездесуіне Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы көрермен ретінде қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады. 

Нурмагомедов пен Гэтжидің кездесуі 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Кездесу екінші раундта Хабибтің жеңісімен аяқталды.

Жеңіске жеткен Нурмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды. Ол өзінің 29-шы жеңісті жекпе-жегін әкесіне арнайтынын айтып, кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, осы турнир аясында қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны мерзімінен бұрын жеңді. Бұл оның кәсіпқой спорттағы 13-ші жеңісі болды.  

712
Кілт сөздер:
Кәрім Мәсімов, Хабиб Нұрмагомедов
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Қазақстандық спортшы қарсыласын ерекше тәсілмен тұншықтырып жеңді – видео
Қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңді – видео
Қазақстан бірнеше миллиондық істі жеңді
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Дәрігерлер, архивтегі фото

Алматыда коронавирус жұқтырған үш жігіттің шәуеті тартылып қалған

0
(Жаңартылды 09:37 30.10.2020)
Коронавирус еркектің бала туғызу қабілетін төмендетеді. COVID-19-бен ауырғандар үш айға дейін бала туғыза алмайды, дейді мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Пандемия кезінде елімізде демографиялық өсім азаюы мүмкін. Себебі коронавирус инфекциясы ерлердің бала туғызу қабілетін төмендетеді. COVID-19-бен ауырған жігіттердің басым көпшілігінде ұрық болмайды, дейді дәрігерлер.

Мәселен, Алматыдағы репродукциялық орталыққа келіп ем қабылдап жүрген үш жігіттің шәуеті тартылып қалған. Өйткені үшеуі де бұған дейін коронавируспен ауырыпты. Алайда мамандар ерлердің ұрығы 75 күн сайын жаңарып отырады дейді. Сондықтан COVID-19-бен ауырғандар  үш айға дейін бала туғыза алмайды деген болжам бар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індетке шалдыққан 400-ге тарта науқас анықталды 

Ал коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер арасында түсік тастау мен ерте босану жиілеген, деп хабарлады КТК.

Әлемдік статистикаға сүйенсек, инфекция жұқтырған жас аналардың 20 пайызы уақытынан бұрын босанған. Сондықтан осындай қиын кезеңде дәрігерлер бала сүюді жоспарламай қоя тұру керек дейді.

"Жас отбасы бала сүюді келесі жылға шегере тұрғаны абзал. Себебі, аяқ астынан коронавируспен ауырып қалса, қауіпті індет ұрпағына қалай әсер ететіні белгісіз. Ал 35-40-қа келіп қалғандарға жүктілікті шегерудің қажеті жоқ. Онсыз да жасы ұлғайып барады. Бірақ жеке бастың тазалығын сақтап, көшеге шықпай, қоғамдық орындарға бармай, сәби өмірге келгенше сақтанып жүру керек", - дейді Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин. 

0
Кілт сөздер:
бедеулік, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
2 миллион теңге берілмейді: дәрігерлердің өтемақысын неге тоқтатты?
ПТР тестке қатысты талап өзгерді: ұшақпен қатынайтын жолаушылар нені білуі тиіс
Анықтама қажет: Қазақстанда жиналысқа қатысатындар үшін жаңа ереже күшіне енді
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды
Қазақстанның бір облысында блок бекеттер қойылады