Қуат Хамитов

Қуат Хамитов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды

896
(Жаңартылды 15:24 27.04.2019)
Төрешілердің көпшілігінің шешімімен әзербайдандық спортшы жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов ресейлік Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекте әзербайжандық Нариман Аббасовтан жеңіліп қалды.

Мәскеу түбіндегі Мытищи қаласында өткен FNG93 турнирінде спортшылар бес раунд бойы күш сынасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Нариман Аббасовқа берді - 48:47, 47:47 және 48:47, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Айта кетейік, Хамитов октагонға шықпас бұрын бір ұпайынан айырылған еді, себебі ол өз категориясының салмағынан ауырлау болып шықты. 

Жекпе-жектен кейін Хамитов төрешілер шешімімен келіспейтінін және апелляцияға беретінін айтты. 

"Мен ұпай санымен жеңіске жеттім деп ойладым, бірақ төрешілер әрдайым бәрін басқаша көреді. Оның бір жерде басымдыққа ие болғанын көрмедім. Негізінен барлық раундтар тең болды, бірақ екі раундта мен айқын жеңгеніме сенімдімін. Төрешілер шешімді қайта қарауы керек", - деді ол.

Бұл Қуат Хамитовтың 2017 жылдың қарашасынан бері алғашқы жекпе-жегі. 

"Найманның" ендігі статистикасы мынадай: 19 жеңіс, 1 тең және 7 жеңіліс. 

Тағы оқыңыз: Хамитов Әблязовке үндеу жасады

896
Кілт сөздер:
видео, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Қуат Хамитов алдағы жекпе-жегінің күнін хабарлады
"Екі белбеу бәске тігіледі". Қуат Хамитов Головкинге лайықты қарсылас тапты
"Чемпиондар осылай туады". Қуат Хамитов жеңілген Шәрібаевқа қолдау білдірді
Денис Тен

Биыл күзде Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді

29
Райымқұлованың айтуынша, халықаралық спорт турнирін былтыр өткізу жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты шара 2021 жылға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Биыл күзде Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық сайыс өтеді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындардың бірі атақты спортшы Денис Тенді еске алу жарысын өткізу жоспарда бар ма деп сұрады.

Райымқұлованың айтуынша, Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық спорттық турнирді былтыр өткізу жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты шара 2021 жылға ауыстырылды.

"Халықаралық коньки тебушілер одағы 2021 жылы қазан айында "Алматы арена" мұз айдынында Денис Тенге арналған халықаралық жарыс өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл сайысқа 10 мемлекеттен 100-ден аса спортшы қатысады деп жоспарлануда", – деді министр.

Халықаралық шараның қалай өтетіні эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. 

"Десе де, халықаралық деңгейдегі ауқымды шараны осы жылдың күзіне жоспарлап отырмыз", – деді ведомство басшысы.

Денис Теннің өлімі

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде 25 жасында көз жұмды. Көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны ұрылар сан тұсынан пышақпен жарақаттаған.

2019 жылдың 17 қаңтарында сот спортшының өліміне қатысты сотталушыларға үкім шығарды. Қарақшылық және кісі өлтіру бабы бойынша айыпты деп танылған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ қылмыс болғанын біле тұра, құзырлы органдарға хабар бермегені үшін Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.

Оқи отырыңыз: Жарқ етіп сөнген бір ғұмыр: Денис Тен туралы не білеміз?

29
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанау, спорт, Денис Тен
Тақырып бойынша
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Денис Тен армандаған академия қайда ашылатыны белгілі болды
Денис Тен қашуды ойлаған да жоқ: күдікті спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
Ресейде Денис Тен туралы фильм түсірілді
Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады
Бой Головкин - Альварес

"Канело" Сондерсті жекпе-жектен бас тартуға мәжбүрледі видео

9680
(Жаңартылды 11:39 09.05.2021)
Жекпе-жек бастапқыда он екі раундқа жоспарланды, алайда Сондерс тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. АҚШ-та өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварес (56-1-2, 38 КО) пен Ұлыбритания өкілі Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) жұдырықтасты, деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жек бастапқыда он екі раундқа жоспарланды, алайда Сондерс тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты. Осылайша "Канело" кәсіпқой бокстағы 56-шы жеңісіне қол жеткізіп, супер орта салмақтағы WBC, WBA Super және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын біріктірді. Ал Сондерс алғаш рет жеңіліске ұшырады.

"Мен оның жақ сүйегін сындырып жіберген сияқтымын. Ол жекпе-жекті жалғастырмайтынын білдім. Эдди Рейносоға оның шықпайтынын айттым. Мен ең үздік бапкермен жұмыс істеймін. Ол маған қалай дайындалу керектігін және рингте не істеу қажеттігін айтады, мен оны орындаймын", - деді Сауль Альварес Сондерспен жекпе-жектен кейін берген сұхбатында .

Еске сала кетейік, Сондерспен жекпе-жектің алдында "Канело" қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) супер орта салмаққа ауысқан жағдайда онымен үшінші жекпе-жек өткізуге келіскен болатын.

Назарларыңызға Сауль "Канело" Альварес – Билли Джо Сондерс жекпе-жегінің видеосын ұсынамыз:

9680
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

237
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

237
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы