Әлем қазақтары арасындағы турнир

Әлемнің әр елінен жиналған қазақтар шағын футболдан өзара сайысқа түсті

269
Нұр-Сұлтан қаласында әлем қазақтары арасында шағын футболдан жарыс өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Елордада шағын футболдан халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Турнирді Отандастар қоры мен дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы ұйымдастырды.

Отандастар қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Отандастар қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов

Аталған қордың вице-президенті Мағауия Сарбасов ала доп бәсекесі тарихи отанына оралған, әрі шетелде тұрып жатқан қазақтар арасында өтіп жатқанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Түркиядағы қазақтар Назарбаевқа хат жазды

"Шараны жастар жылы аясында ұйымдастырдық. Жарысқа 24 команда қатысып жатыр. Оның арасында қазақтар жиі қоныстанған Ресей, Қытай, Моңғолия, Ираннан келген спортшы бауырларымыз бар. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан да командалар келді. Мақсатымыз – шетелдегі қазақ жастары арасындағы байланысты нығайту", - дейді ол.

Отандастар қорының қызметкері Талапбек Тынысбекұлы
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Отандастар қорының қызметкері Талапбек Тынысбекұлы

Сонымен қатар Отандастар қорының қызметкері Талапбек Тынысбекұлы жарыстың жүлдеқоры 3 миллион теңге екенін, жеңіске жеткен команда ақшалай сыйақыға ие болатынын айтты.

"Халықаралық турнирді биыл бесінші рет өткізіп отырмыз. Биыл жарысқа шетелден 12 команда келді. Жалпы командалардың саны 24. Олар жас ерекшеліктеріне байланысты 30-ға дейін және 30-дан кейін деп бөлінеді. Жарыстың жүлдеқоры – 3 миллион теңге. Бұл демеушілердің қаржысы. Жеңіске жеткен командаға 500 мың теңге алады. Ал екінші орынға 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге беріледі. Ал ынталандыру жүлдесі 100 мың теңге", - деді жарысты ұйымдастырушы.

Тағы оқыңыз: Канададағы қазақ: Қазақстанды Назарбаевсыз елестете алмаймын

Сондай-ақ ол "үздік қақпашы", "үздік шабуылшы", "үздік қорғаушы" атанған ойыншыларға да арнайы сыйлықтар берілетінін мәлім етті.

Жарысты ұйымдастырушының айтуынша, Отандастар қоры шетелден келген командалардың жататын орнын, тамағын, жолақысын өздері көтереді екен.

Моңғолиядан келкен қазақ спортшысы Айболат Жұлдызұлы
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Моңғолиядан келкен қазақ спортшысы Айболат Жұлдызұлы

Моңғолияның Баян-Өлгий қаласынан келкен қазақ спортшысы Айболат Жұлдызұлы өз командасының үздік үштіктен көрінгенін қалайды.

"Бұл жарысқа осымен 4 рет қатысып отырмыз. Командамызда 12 адам. Үздік үштіктен көрінсек деген мақсатымыз бар. Тек Құдай нәсіп етсін!", - дейді футболшы.

Илгиз Хамитов
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Илгиз Хамитов

Келесі спортшының есімі – Илгиз Хамитов. Ол Өзбекстанның Науаи облысы Заварбат елді-мекенінен келіпті.

"Нұр-Сұлтан қаласына алғаш рет келіп отырмын. Қала ұнады. Командамызда 8 адам бар. Мақсатымыз – жеңіске жету. Осы үшін қазақ еліне келдік. Бір топта 4 команда бар. Алдымен топтан шығу керек. Ертең финал өтеді. Мүмкіндікті жібермеу керек", - дейді спортшы.

Тағы оқыңыз: Омбы қазағы Назарбаевқа өтінішін айтты

Айта кетейік, шағын футболдан халықаралық турнир Нұр-Сұлтан қаласындағы Жас-Батыр спорт кешенінде өтіп жатыр. Ертең 27 сәуір күні жарыстың финалы өтеді.

269
Кілт сөздер:
футбол, шетелдегі қазақтар
Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жектен қанша ақша тапқаны белгілі болды

897
(Жаңартылды 11:26 26.10.2020)
Шавкат Рахмонов қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін қанша қаражат тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

Шетелдік БАҚ ақпараты бойынша, Рахмоновтың гонорары 37 500 долларды (16 125 000 теңге) құрады.

Шавкат октагонға шығар алдында 10 000 доллар алды, жеңіске жеткен кезде дәл осындай қаражат берілген. Оған 3 500 долларды – UFC-дің промоутерлік бонусын қосыңыз. Ал қалған 14 000 долларды қарсыласы Оливейра беруге мәжбүр болды. Себебі салмақ өлшеу кезінде оның салмақ дәрежесі тиісті талапқа сәйкес келмеген.

Ал қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейраның қорытынды гонорары 61 000 долларды (26 230 000 теңге) құрады. Бастапқыда ол 70 мың доллар алуы керек еді, алайда 14 мың долларды қазақстандық Рахмоновқа берді. Сондай-ақ, Алекс UFC-ден 5000 доллар көлемінде промоутерлік бонус алды.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, Абу-Дабидегі Яс аралында өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті.

897
Кілт сөздер:
спорт, аралас жекпе-жек
Тақырып бойынша
Қазақстан бюджетіне Google-салықтан қанша ақша түседі – министр жауабы
"Сәттілік серік болды": спорт ардагері жеті бірдей Олимпиадаға қалай барғанын айтты
Мәдиев Головкин – Мартиросян жекпе-жегі андекардынан қанша гонорар алғаны анықталды
Қарин Джеки Чанды шақыруға қанша қаражат кеткенін айтты
Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов

Кәрім Мәсімов Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады видео

711
(Жаңартылды 14:11 25.10.2020)
Хабиб пен Гэтжи кездесуіне Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы көрермен ретінде қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады. 

Нурмагомедов пен Гэтжидің кездесуі 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Кездесу екінші раундта Хабибтің жеңісімен аяқталды.

Жеңіске жеткен Нурмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды. Ол өзінің 29-шы жеңісті жекпе-жегін әкесіне арнайтынын айтып, кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, осы турнир аясында қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны мерзімінен бұрын жеңді. Бұл оның кәсіпқой спорттағы 13-ші жеңісі болды.  

711
Кілт сөздер:
Кәрім Мәсімов, Хабиб Нұрмагомедов
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Қазақстандық спортшы қарсыласын ерекше тәсілмен тұншықтырып жеңді – видео
Қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңді – видео
Қазақстан бірнеше миллиондық істі жеңді
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Қазақстанның ұлттық валютасы

Парламент бюджетке түзетулерді қабылдады: қосымша ақша қайда жұмсалады

2
Медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау үшін 238,7 миллиард теңге қосымша қаржы қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Сенат 2020 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Республикалық бюджетті нақтылаудың негізгі міндеті – медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау. Осы мәселелерді шешу үшін 238,7 миллиард теңге қосымша шығыстар көзделді", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенаттың жалпы отырысында.

Ақша мынадай бағыттарға жұмсалады:

  • карантин шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 миллиард теңгеге қосымша ақы төлеу;
  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеу – 83,2 миллиард теңге;
  • ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақы төлеу –  11,7 миллиард теңге;
  • әкімшілер ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға – 261,7 миллиард теңге.

"Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарлануда", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк қазақстандықтардың кредиті көбейетінін болжап отыр 

Ол барлық мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын жеткілікті қаржымен қамтамасыз ету көзделгенін атап өтті. Бұдан бөлек, бюджетті нақтылау аясында президент жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды.

Нәтижесінде, республикалық бюджеттің параметрлері келесідей қалыптасты. Республикалық бюджет түсімдері 12 триллион теңге көлемінде анықталды. Тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,5 процент деңгейінде сақталды. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 14,5 триллион теңгені құрайтын болады.

2
Кілт сөздер:
парламент, коронавирус, бюджет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы