Спорт

Жойқын соққы: жылдың үздік нокаутының видеосы жарияланды

© Sputnik / Дархан МусинЧемпионат РК по ММА
Чемпионат РК по ММА  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ММА спортшысы  720 градусқа  айналып, қарсыласына жойқын соққы жасады

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр — Sputnik. Америкалық спортшы Рэймонд Дэниэлс Bellator турнирінде қарсыласы Уилкер Баррушты жойқын нокаутқа түсірді. Видео ESPN Twitter парақшасында жарияланған.

Жекпе-жек Ұлыбританияның Бирмингем қаласында болған. Кездесу бірінші раундтың ортасында аяқталды.

39 жастағы америкалық 720 градусқа (екі рет) айналып, оң жақтан соққы жасады. Баррос бірден нокаутқа түсті.  

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген боксшы нокауттан кейін көз жұмды

Бирмингемдегі турнирді ұйымдастырған Bellator ұйымы бұл нокаутты 2019 жылдың үздік нокауты деп бағалап отыр.

Жаңалықтар
0